«Үздік оқытушы» байқауы

Атырау облысында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді. Олардың арасында түрлі байқаулар мен фестивальдер, тіл сайыстар мен ақын-жазушылар атындағы көркемсөз оқу жарыстары ұйымдастырылады. Солардың бір парасына тоқталсақ, биыл А.Байтұрсынұлы атындағы оқытушылар арасындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті. 

Байқаудың мақсаты – мемле­кеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны сапалы оқыту мақсатын жүзеге асырып жүрген үздік оқытушылардың жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданудағы ­жұ­мыс тәжірибесімен танысу, қазақ тілінің мамандары арасында­ шы­ғар­машылықпен жұмыс ­жасайтын оқытушыларды анықтауға бағытталды.
Соның бірі 2019 жылдың ­­5 шілдесі­ күні Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі бас­қар­масының тапсырысымен Х.Досмұхамедов атындағы ­Атырау мемлекеттік университетінде А.Байтұрсынұлы атындағы ­об­лыстық «Үздік оқытушы» байқауы өтті. Байқауға Атырау қаласы мен аудандардан 23-45 жас аралы­ғындағы мемлекеттік тілді оқы­татын алты оқытушы қатысты.
Байқау қорытындысы ­бо­йынша жүлделі І орынға Ақ­қыстау орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Айгерім Қойтанова (Исатай ауданы) ие болып, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алып, респуб­ликалық байқауда Алғыс хатпен марапатталды. Жүлделі ІІ орынға Алға орта мектебінің мұғалімі Гүлдана Сағидолла (Махамбет ауданы) ие болса, ІІІ орынды Әсел Қуанышева (Мақат ауданы, Х.Санбаев атын­дағы орта мектебі) мен Нұргүл Құрманбаева (Жылыой ауданы, №2 Жалпы орта білім беретін мектеп) өзара бөлісті.
Сонымен қатар «Латынға көшу – өркениетке қадам» атты журналистер арасындағы байқау да өз дә­режесінде өтті. Жеңімпаздар облыстық тарихи-өл­кетану музейінде марапатталды. Латын графикасына негіз­делген қазақ тілі әліпбиіне кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі жұ­мыстар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау және халық арасында кеңінен түсіндіру, БАҚ өкілдерін ынталандыруға бағытталған сайыс үш аталым бойынша өткізілді. Байқау қо­рытындысы нәтижесінде «Үздік баспа материалы» аталымы бойынша «Дендер» газетінің тілшісі Сүйеу Халиков, «Үздік телевизиялық сюжет» аталымы бойынша «Atyraý» телеарнасының редакторы Гүлназ Кәрімжан, ал «Үздік ғаламтор жарияланымы» аталымы­ бойынша «Atyraý» газетінің тілшісі Амандық Абдол үздік деп танылды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.