Өнер сапары

Алматыда тұңғыш рет Солтүстік Қазақстан облыстық Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының гастрольдік сапары басталды. 

Күні кеше Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар және жасөспірімдер ­театрында арнайы баспасөз мәсли­хаты өткізіліп, театр директоры Біржан Жалғабаев, көркемдік жетекшісі Фархад Молдағали, Асылхан Нұржан сапардың мақсаты, репертуардағы жаңалықтар, шы­ғармашылық жоспарлар жайында кеңінен әңгімеледі. Ұжымның жиырма жыл ішінде жеткен же­тістіктері, жүлделі орындарға ие болуы, жас актерлердің шеберліктері жайында мағлұмат берілді. Айта кетейік, ­театр 2000 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың қолдауымен ашылған. Содан бері талай биік белестерді бағындырып, еліміздің өнері мен мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді.
Гастрольдік сапардың шымыл­дығы драматург Б.Жақыптың ­Семей полигонына арналған «Жан ­дауысы» қойылымымен ашылып, ертеңінде Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесінің желісі бойынша жазылған дра­ма­лық туынды көрсетілді. Алдағы күндері М.Әуезовтің «Қарагөз», «86» soundrama спектаклі мен О.Бөкейдің «Жылымық» көркем радиохабар жанрындағы спектаклі және М.Әлібектің балаларға арналған «Сиқырлы дүрбі» ертегісі ұсынылмақ.

Дана ЕРКІНБЕК

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.