АРУЖАН АЛМАТЫНЫ ӘНГЕ ҚОСТЫ

Жас өнерпаз, Алматы қаласының тумасы Аружан Тастекей «Менің қалам» атты әніне бейнебаян түсіріп, туған қаласын әнге қосты. Бейнебаянның таныстырылымына Алтынбек Қоразбаев, Меруерт Түсіпбаева, Бағлан Әбдрайымов сияқты өнердегі аға-әпкелері мен БАҚ өкілдері қолдау көрсетті. 

«Бұл менің алтыншы әніме түсі­рілген бейнебаян. Біз мұнда қаламызды жамандықтан қорғап, нағыз күрескер ретінде көрінеміз. Себебі біздің сүйікті қаламызды өзімізден басқа ешкім қорғамайды. Көпшілікке осы ойды жеткізгіміз келді. Өнерімді үнемі қолдап, демеп жүретін ата-анама, жақындарым мен өнердегі аға-әпкелеріме алғысым шексіз» дейді Аружан.
«Менің қалам» әні – алып шаһар Алматының бүгінгі бейнесін айшықтайтын туынды. Аружан өз қаласын ерекше жақсы көреді. Ол өзінің жаңа бейнебаянында бүгінгі қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіздіктерді көрсетіп, онымен күреседі. Жақсылықты ту етіп, ұрлық, әлімжеттік, бүлікшіліктің алдын алып, көпшілікті жақсы амалдар жасауға шақырады. Жас өнерпаз осылайша тыңдармандарына ой салып, өскелең ұрпақ үшін қала­мыздың гүлденген, қауіпсіз болғаны аса маңызды екенін аңғартады. Жаңа әннің авторы – белгілі музыкант Самат Рыспанбет, бейнебаянның қоюшы режиссері – Азамат Ержанұлы. Клиптің түсірілім жұмыс­тарына 30 адамнан тұратын шығар­машылық топ атсалысқан.
«Біз өнердегі ерекше сапалы дүниелерді қазақтар да жасай алатынын көрсеткіміз келді. Әдетте қазақтар ондай істей алмайды, мұны білмейді деген пікір бар. Біз осы пікірді бұзғымыз келеді. ­Сон­дықтан да Аружанның бейнебаяны­ ­сапалы әрі креативке толы» деді бейнебаянның режиссері Азамат Ержанұлы.
Ал өнерпаз қызының өнерін шың­дап, әрдайым қолдау білдіріп отыратын әкесі Дулат Тастекей ­Ару­жанның алдағы шығармашы­лығына тоқталды.
«Бала үшін ата-анасы жауапты.­ Қызымызды қазір жас кезінен қолдамағанда, қашан қолдаймыз? Біз Аружанның болашақта кім ­болатынын білмейміз, оны өсе келе өзі таңдайды. Ал дәл қазір қызымыз неге бейім, соған бағыттап келеміз» деді Д.Тастекей.

Ақбота ҚУАТОВА

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.