Жәндіктердің пайдасы

Балдың бал арасынан алынатынын біле­сіздер. ХІХ ғасырдың үшінші ширек ға­сы­рында ара шаруашылығының ха­лықара­лық федерациясында 47 елде 4 миллион ара ­ша­руа­шылығы бар екендігі анықталған ­болатын.
Есептей келгенде онда 48 миллион ара семьясы бар екен, одан жылына 370 мың тонна бал өндіреді. Мысалы, сонау 1970 жылы АҚШ 108 000 тонна, Канада 19 000 тонна, ал Аргентинада 4 айда ғана 10 000 тонна бал өндіріпті. Бұл насекомдардың адамзат баласына келтірген пайдасының бір бөлігі. Көптеген өсімдіктер насекомсыз тіршілік ете алмайды екен. Насекомдар өсімдіктерді тозаңдандырады. Дәлірек айтқанда, тек бақша дақылдарын насекомдардың 147 түрі, жоңышқаны – 105, алманы насекомдардың 32 түрі тозаңдандырады. Тек бір араның тозаңдандыру мөлшеріне көз жүгіртіп көрелікші. Бір ара 5-6 минутта алманың 40 шоқ гүлін тозаңдандыра алады. Араның «жұмыс күнінің» ұзақтығы 17-20 сағат, сонда бір ара ғана алма ағашына 2 843 890 рет тозаңдандыру «жұмысын» жүргізеді.

Нұрлан ҚҰМАР 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.