«АНАМНЫҢ ТІЛІ – АЙБЫНЫМ МЕНІҢ!» ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Алматы облысының тілдерді дамыту­ жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік тіл саясатын іске асыруда іс-шаралардың наси­хатталуына өлшеусіз үлес қосып отырған республикалық «Ana tili» газеті­нің 30 жылдық мерейтойына орай «Анамның тілі – айбыным менің!» атты публицис­тикалық шығармаларға байқау жариялайды.
Байқауды өткізудің мақсаты:
– ақпарат айдынында 30 жылдан бері мемлекеттік тілдің дамуы мен ұлттық тіл қорының жасақталуын насихаттап келе жатқан «Ana tili» газетін қолдау;
– басылымның Тәуелсіздік жария­лан­ғаннан бергі елдік тұрғыдағы асқан асулары мен рухты қалаулы істерін көрсету;
– Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын арттыру;
– қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігін жұртшылыққа кеңінен ­насихаттау.

БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

Басқарма конкурстың ұйымдас­тырушысы болып табылады.
Конкурсты өткізу туралы хабар­­ландыру бұқаралық ақпарат құрал­­дарында жарияланады және Басқар­маның интернет-ресурсына орналастырылады.

БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ

«Ana tili» газетінің 30 жылдық мерейтойына еркін тақырыпта бір шығарма арнау.
Әр автордың шығармасы компьютерге Times New Roman қарпімен, 1,5 интервалымен, 14-кегльмен терілуі және үш беттен аспауы шарт.
Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды.
Шығарманы бағалауда маз­мұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі.
Байқауға барлық шартқа сай (тех­никалық, мазмұндық, т.б.) әзірлен­ген шығармалар қабылданады.
Шығармалар 2020 жылғы 20 ­қаң­­тардан 10 наурызға дейін қабыл­данады.
Шығарманың электронды нұсқасы, қатысушының аты-жөні, тұрғы­лықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат (жеке куәлігінің көшірмесі) Басқармаға ұсынылады.

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Байқауға келіп түскен шығарма­ларды танымал қаламгерлерден құ­рылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
Байқауға түскен барлық шығарма іріктеліп, үздік деп танылғаны «Ana tili» газетінде жарияланады.
Байқаудың жеңімпаздары 2020 жылғы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Басқарма мен «Ana tili» газеті редакциясының арнайы дипломы және бекітілген жүлде қорының көле­міндегі сыйлықтармен марапатталады.

Біздің мекенжайымыз:
Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36 Б, Тіл сарайы, 21-кабинет.

Байланыс телефоны:
8 (7282) 40-01-62, факс: 30-59-50,
e-mail: onomastika_obltildamytu@bk.ru

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.