«БІР ҚҰМАЛАҚ БІР ҚАРЫН МАЙДЫ ШІРІТЕДІ…»

(Соңы. Басы өткен санда)

Бексұлтан НҰРЖЕКЕ-ҰЛЫ,
жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Үшінші «құмалақ» – тілімізге орыс тілі арқылы енген атау сөздерді үндестік заңына сәйкес өзгертпей, сол қалпында қабылдауымыз. Және оның кеңес дәуірінде жасалған «Қазақ тілінің негізгі емле ережесінде: «Орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы негізінен орыс орфографиясы бойынша өзгертілмей жазылады» деп заңдандырыуымыз.
Бұл қағыйда еліміз тәуелсіздік алған күннің ертесіне-ақ, 1991 жылдың 17 желтоқсаны күні, дереу өзертіліуі керек еді. Амал не, тіліміз әлі одан тәуелсіздік ала алмай, әлі өзгерте алмай келеді. Оның қаншалықты зыйанды заң екенін ғалымдар біледі. Білмеулері мүмкін емес. Білмесе, ол нағыз ғалым емес. Өйткені ол заң – тіліміздің үндестік заңын үндеспейтін заңға айналдыратын заң.
Сол заң бойынша, біз «трактор», «премьер», «клуб», «профессор», «проза», «драматург», «труба», «поэзия», «проблема», «шторм» деп, т.с.с. жазыуға мәжбүр болдық.
Ал бізден бұрынғылар кәйтіп еді? Олар «кроватты» «кереует», «самоварды»­ «самау­рын», «тракторды» «тырактыр», «клубты» «құлып» деген. Неге? Тілі келмегендіктен бе? Әрійне. Ал неге тілі келмеген? Себебі қазақ тілінде бірде-бір сөздің басында екі дауыссыз да, екі дауысты да қатар келмейді, іздеп таба алмайсыз.
Мысал келтіріп көрейік: мысық, күшік, тықыр, пақыр, кекілік, кісі, ыстық, ақыл, аш, пырақ, қырық, пішін, т.с.с.
Тіпті екі дауысты дыбыс сөз басында ғана емес, сөз ортасында да, соңында да келмеуі тійіс. Ол – үндестік заңының ­талабы. Себебі екі дауысты дыбысты қатар созып отырсаң, онда сөз айтқаннан гөрі ән айтқанға ұқсап кетесің.
Бұл – дыбыс пен дыбыстың үндесіуін талап ететін заңдылық. Ал, шын мәнінде, үндестік заңы тілімізде дыбыс үндестігінен басталады. Бұл – тіліміздің ұлттық ерекшелігі. Бұл ерекшелікті ғалымдарымыз білсе де, әдейі ескермей келеді. Өйткені орыс тілінен енген атау сөздер жайындағы жоғарыда айтқан бап оны ескерген ғалымды қылмыскер ­санатына жатқыза салыуы мүмкін-ді. Ал ғалымдарды қорқытқан бұл бап жаңа «Негізгі ережеде» айтылмайды, алайда бастан-айақ басшылыққа алынған. Оны ашық айтпай отырған себебі, олар әлі орыс тілінің ережесінен бас тарта алмаған. Ал ол тілде дауыссыз дыбыстар сөз ­басында, ал дауысты дыбыстар сөз ­басында да, ортасында да, соңында да қатар келе береді. Мысалы: «крест», «трест», «пресс», «стресс», «делает», «бывают», «красивые», «класс», «коэфицент», «поэзия», «аорта», «аэрофлот», «вообще», «сообща», «география», «биография», т.с.с. Бұл – орыс тіліне тән заңдылық.
Көріп отырғанымыздай, орыс тілінің бұл заңы мен қазақ тілінің заңдылығы – екеуі екі басқа, жақындығы Зұлқарнайын мен менің жақындығымдай нәрсе. Осыншама алшақтықты жақындатпақ болыу – аса қәуіпті қыйанат. Шындығын айтқанда, кісіні шошытатын іс.
Қазақ сөзінің бәрінде дерлік бір ­дауыссыз дыбыстан соң бір дауысты дыбыс кезектесіп айтылады да, сөзіміз содан созымды, әуезді естіледі. Бұл – басқа тілдерде бола бермейтін құбылыс. Қараңыз: А – ла – тау , был – тыр – ғы – дай, а – уыл – дас – та – ры – мыз – дың, ха – бар – лан – ды – рыу – шы – лар – ға, т.с.с.
Осындай ғажап ерекшелікті өз қолымызбен құртсақ, онда біздің қандай халық болғанымыз?
Қазақтың «бүркіт» деген сөзін орыстар өз тіліне ыңғайлап «беркут» дейді, өйткені оларда «ү», «і» деген дауысты дыбыстар жоқ.
Қазақ «ауыл» десе, орыстар «аул» дейді. Айтылыуында, жазылыуында айырма бар ма? Бар. Екі басқа тілге бір талап қойу дұрыс па? Әрійне, дұрыс емес. Әр ұлт өз тілінің өз ерекшелігін сақтауы керек. Біз ешкімге: «Ауыл», «бүркіт» – біздің сөз, оны сендер де өзгертпей жазыңдар!» дей алмаймыз, деуге қақымыз да жоқ.
Қазақ сөзінің әр бұуынында негізінен үштен аспайтын дыбыс және оның біреуі ғана дауысты дыбыс болады: «жыр – тық», «бү – тін», «ал – мас», «қыл – мыс», т.с.с.
Төрт дыбысты бұуын еліктеуіш сөздер мен бұйрық ырайлы етістікте ғана болады: «тарс – тұрс», «былш –былш», «жарқ – жұрқ», «тарт», «құрт», «сүрт», т.с.с.
Сондай бұуынмен сөйлеп жүрген халық «Кремль», «ми – нистр», «ко – нистр», «трест», «класс»,«ре – зи – дент» секілді сөздерді «демі жетіп» айта алмайды, айтса, өз тіліне ыңғайлап, «Кіреміл», «міністір», «кәністір», «тірес», «кылас»,­ «ре – зійдент» деп қана айтады.
Бұл бір тілдің артықшылығы, екінші тілдің кемшілігі емес, тек әр тілдің өз ерекшелігі. Оған қол сұғыу – халықтың құқығына қол сұғыуымен бірдей нәрсе. Кеңес дәуірінде қол да сұғылды, бұйрық та берілді. Соған өз деңгейінде қарсылық білдірген Кәмел Жүнісов секілді ағамыз, Хасен Қожахмет тәрізді ініміз түрмеге де түсті, Рахманқұл Бердібаев ағамыз сан түрлі шектеу мен құудалауды бастан кешті. Біз – соны көріп, біліп өскен ұрпақпыз. Және оны ұмыта да қойған жоқпыз.
Орыс тіліне тән ерекшелікті қазақ тіліне қолданыу – отарлық жүйе тіл арқылы әлі де әмірін жүргізіп жатыр деген сөз. Оны басқаша бүркемелеудің ешқандай қәжеттігі жоқ.
Қысқасы, жаңа ережеге: «Шет тілдерден енген сөздер, үндестік заңына сәйкес, тұлғасы өзгертіліп, қазақ тілінің табыйғатына ылайықталып жазылады» деген бір бап енгізілмей, қазақ тілінің бағы ашыла қоймайды.
Тілге тіл, елге ел әсер етпей тұра ­алмайды. Мақсат әсер еткізбеуде емес, бәрін бетімен жіберіп, өз тіліңнен өзің айырылып қалмауда.
Кезінде тілімізге дін арқылы талай сөз енгені құдайға да, адамға да айан. Ол сөздердің біразын тіл дійірменінен өткіздік, біразына әртүрлі себеппен әліміз келмеді. Үндестік заңының үні шықпай қалған соң, әсіресе «ә» дыбысы мен әрібі әжептәуір шектеуге ұшырады. «Х», «қ», әріптерінен кейін «ә» жазылмайды, «а» жазылатын болды; «ә» әрібі бастапқы бұуындарда ғана жазылып, сөздің соңына таман мүлдем жазылмайтын болды. Меніңше, сол қағыйданы да қайта қарайтын заман тұуды. Өйткені оны үндестік заңы талап етеді.
Мәселен, біз әлі күнге дейін ­«харекет», «қазір», «қане», «қате», т.с.с. ­жазып жүрміз. Басқы бұуынның бәрі «ха», «қа» деген жұуан бұуын болады да, қалғаны жіңішке бұуын болып кетеді. Ал үндестік заңы олардың «хәрекет», «қәзір» (бір нұсқасы – «кәзір»), «қәне» (бір нұсқасы – «қәне»), «қәте» (бір нұсқасы – «қата»), «қәйтеді» (бір нұсқасы – «кәйтеді»), «хәкім», «хәлің», т.с.с. таза қазақыландырып айтатын және жазатын кез тұуған тәрізді. Тіліміздің ійкемі оған келіп те тұр. «Дүдамал» деп, бір сөзді жартылай жіңішке, жартылай жұуан етпей-ақ, «дүдәмәл» деп біргелкі жіңішке бұуынмен айтып, біргелкі бұуынмен жазатын да уақыт жетті деп ойлаймын. Тіліміз соған ійкемделіп-ақ тұрған жоқ па? «Кіналы», «күналы», «кітап» деп, бір сөзді әр бұуынды етпей-ақ бір ізді сөйлеуге және жазыуға келетін кез де келді емес пе? «Күнәлі», «кінәлі», «кітәп», «зәрезәп», «пәріуәрдігер», «мәрмәр», «Сәріуәр», «Әніуар», «Әзійзә» деп сөйлесек, жазсақ, кімге кесіріміз тійеді? Өз тіліміздің жазыу, сөйлеу тәртібін нығайтсақ, одан өзге тіл зардап шеге қоймас.
Төртінші «құмалаққа» да тоқтала кетейін. Бұл өзі ертеден ғалымдар ­енжар қарап, дұрыс зерттемей келе жатқан «құмалақ». Ол біріккен сөздің қандай сөз екеніне қатысты.
Меніңше, мұндағы негізгі қәте – бірімен бірі қосылып, бір ғана нысанның атын білдіретін көп түбірлі сөздің бәрін біріккен сөзге жатқызыу. Мәселен, Шым+кент, Қаратау, Алатау, Құмбел, атамекен, Жанболат, көліктұрақ, шайхана,­ асхана, сайажай, жағажай, әуежай, шаштараз, қолжаулық, көзәйнек секілді өз тұлғасын өзгертпей қосылған сөздер қос түбірлі сөзге жатыуы тійіс. Үш-төрт түбірлі сөз тілімізде өте сійрек: алғарагөк, Гүлкентай, Елкенжан, Гүлсүйтайжан, әудемжер, Айғарагөз, т.с.с.
Ал енді қарағаш, қолғап, тәңертең, быйыл, бүгүн, бүрсігүні, алдыңгүні, ­шегара, көгөніс, Қойшығара, Зілғара, Алдарберген,­ біргелкі, Қарагөз, жаһангез, Керғұла, Құлагер, көзғарас, қолғабыс секілді бір не екі сыңары да өз тұлғасын өзгертіп барып қосылған көп түбірлі сөздер ғана біріккен сөзге жатыуы тійіс. Сонда біріккен сөзіміз көп түбірлі сөздің бір тармағы ғана болып саналады. Сонда ғана тіліміздің ұлттық табыйғаты үндестік заңына сәйкес айтылады және жазылады. Кәзіргі Сарыарқа, Сарыағаш, көкөніс, шекара, көзқарас, қолқабыс, т.с.с. жазып жүргеніміз – тіліміздің табыйғатына жасап жүрген зорлығымыз.
Үндестік заңы бійлік жүргізетін жалғамалы тілде «Әр сөз өз түбірін сақтап жазылады» деген қағыйда тілге жасалған дійктатұра болып табылады, әр сөз үндесіуіне қарай жазылыуы тійіс.
«О – оу, Сарарқа!» – деп әндеткен Ақселеу: «О – оу, Сары Арқа» деп, өз тілін өзі бұзып әндеткен жоқ қой? Ұлттық заңдылықты сақтамай сөйлесек, ұлттық заңдылықты сақтамай жазсақ, онда қазақ тілі ғылымының, оны басқаратын ­арнайы ғылымый мекеменің мемлекетке не қажеті бар? Тіпті «Біз қазақпыз!» деп өтірік мақтаныудың да кімге қәжеті бар?
Бірге жазылатын сөздің жөні бір басқа да, біріккен сөздің жөні бір басқа. Мәселен, «Шыңғыс хан» сөзін біреу бөлек, біреу бірге жазады. Мейлі. Ал «Шыңғыс» сөзі – біріккен сөз, тек бірге жазылады, себебі қос түбірлі сөздің екінші түбірі өз тұлғасын өзгертіп барып біріккен: «шың + құз» сөзінен «шың + ғыс» болып тұлғаланып тұр.
«Бірігіу» сөзі мен «бірге» сөзінің мәні де бірдей емес. Біріккен сөз – бөле жарыуға келмейтін сөз. Ал егер бөлек жазсақ, екі сыңарының бірі дербес мағына бермейді. Мысалы, «шегара» дегенде «шег» сөзі сондай.
Ал «ауылшарұуашылық» сөзін біріккен сөзге жатқызыуға бола ма? Оны бірге жазсаң да, бөлек жазсаң да, әр сөздің өз тұлғасы сақталған. Сондықтан ол біріккен сөз емес, тек бірге жазылатын сөз.
Үндестік заңы тек біріккен сөзге ғана емес, сөз тіркестеріне де ықпал етеді. Мәселен, «көп адам» дегенді «көб адам» деп сөйлейміз. Тіркестің екінші сыңарындағы «а» өзінен бұрынғы «п» дыбысына әсер етіп, оны жұмсартып тұр.
«Бара алмаймын» дегенді «баралмаймын» дейміз, бір «а» айтылмайды, т.с.с. Бірақ олар біріккен сөз емес, қатар айтылған екі басқа сөз – сөз тіркесі, сондықтан өз тұлғасын сақтап әрі бір-бірінен бөлек жазылады.
Бесінші «құмалақты» да алдыға тартқаным артық болмас. Ол – жалғамалы тілдегі кейбір қосымшаның қалай жалғаныуына талдау жасалмауы.
Үндестік заңына сәйкес жұуан айтылатын түбірге жұуан қосымша, жіңішке түбірге жіңішке қосымша жалғанғанмен, ол заңға жартылай «бағынатын» да қосымшалар бар. Мысалы: айтыс + кер, қалам + гер, қамшы + гер, жаһан + гер, бап + кер, т.с.с.
Бұларда түбір соңындағы қатаң дыбысқа қосымша қатаң (–кер), ұйаң дыбысқа ұйаң дыбыстан басталып (–гер) жалғанғанмен, жұуан және жіңішке бұуынды сөздің бәріне біргелкі жіңішке қосымша жалғанып тұр. Осы тектес тілімізде өзге де қосымшалар бар. Мысалы: – тікі, – дікі, – нікі. Адам + дікі, ат + тікі, кісі + нікі. Неге? Өйткені ол қосымшалар бұрынғы кезде жеке мағыналы сөз ­болып, кейін келе-келе қосымша болып қалыптасқан деген болжам бар. Көмектес септіктің – пенен, – бенен, – менен, – пен, – бен, – мен жалғаулары да сондай: ат – пенен, ійт – пенен, құм – менен, арба – мен, тас – пен, ауыз – бен, сөз – бен, т.с.с.
Алтыншы «құмалақ» жаңа «Негізгі ережеде» айтылмай қалған жағдайға қатысты.
Бұрын әліпбійімізден орын алып келген, қосарлы дыбыстарды белгілейтін біраз орыс әрібін кәзір алып тастадық. Енді сол әріптермен жазып келген сөздерді болашақта қалай жазамыз? Осы айтылмаған. Мысалы: «аюды» «а+йу» дейміз бе, «а+йыу» дейміз бе? Естіліп тұрған «ы» дыбысын жазамыз ба, бұрынғыша жазбаймыз ба? Ондай сөз тілімізде баршылық: ою, қою, тою, жою, сою, мою, тию, кию, ию, т.с.с.
Бұрын «зиялы», «қияли», «биязы», «миялы», «қия», «мия», «биялай» деп ­жазып келген сөздерді бұдан былай қалай жазамыз? «зи+йа +лы», «ми+йа + лы» деп пе, «зы + йа + лы», «мы + йа + лы» деп пе? Әлде ескі әуенге салып, екі дауыстыны қатар келтіріп «зи + а + лы», «ми + а + лы» дей береміз бе?
Енді «сі – йез» дейміз бе, «си – ез» бе? «Рәзыйез» бе, «разиез» бе? Әлде «разійез» бе? Қайсысы тіліміздің табыйғатына сай?
Оны айтпай кетіудің қандай құпыйасы бар? Ол сөздерді жазыуда тілдің дербестігі, өз заңы сақтала ма, жоқ па? Тіпті, бәрін былай қойғанда, «боксер» дегеніміз дұрыс па, «бокысшы» дегеніміз дұрыс па? ­«шофер» ма, «шопыр» ма, «жүргізіуші» ме? «Прозайк» пе, «пырозашы» ма? ­«Ми + нистр» ме, «мі + ніс + тір» ме? «Поезд» ба, «пойыз» ба? «Премьера» ма, «пі – ре – мі – йе – ра» ма?
Бұрын «Кремль» деп жазатынбыз, жіңішкелік белгіні әліпбійден алып тастаған соң, енді оны қалай жазамыз? Үндестік заңына сәйкес «Кіреміл» дейміз бе әлде орысша тұрқын сақтап «Кремль» дей саламыз ба? «Автомобильді» ше? «Рояль» қалай жазылады? Бұрынғыдай екі дауысты қатар келе бере ме, жоқ «райал» деп жазамыз ба?
Бір бағдар бұлар жайында «Негізгі ережеде» айтылмаса, енді қайда айтылыуы­ керек? Әлде әркім өз білгенінше жаза бере ме?
«Қазақ сөздерін орыс сөзіне ыңғайлас етіп жазыудың астары бар ма, жоқ па?» деген ой мені еріксіз мазалайды. Менің ойымша, бар. Мақсаты – сөйлеу мәнерін орыстандырыу. Қазақ сөзінің табыйғый айтылыуын сақтап сөйлеп келген адам, менің ойымша, оның астарын оңай табады. Әр қазақтың үйінде болыуға тійіс Р.Сыздықова сан ірет жасаған «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін» қараңыз. Бәрінде «зиялы», «зиянды», т.с.с. жазылған сөз бар. Ал ана тілінің табыйғатын сақтауға тырысқан ғалым ол сөздерді тым құрыса, «зыянды», «зыялы» деп жазыуды неге ұсынбаған? Сонда ол сөздерді «зы+ян+ды», «зы+я+лы» деп бұуынға бөлер едік, сонда тіліміздің, тым құрығанда, орфоэпиялық тұлғасы сақталар еді. Мұны «шаш ал десең, бас аладыға» да жатқызыу қыйын. Өйткені бұл әдіс, тілді бұзыу тұрғысынан қарағанда, өте «данышпандық» әдіс. Сөйлеу мәнерін орысшаға бірте-бірте жақындата беретін тапқыр әдіс. Салыстырып көріңіз: Ар – мия, ар – ия, теория, серия, т.с.с. «я» әрібін таратып жазсақ, мұның өте сорақы болып шығатынын сол ғалым білмеді дейсіз бе? Қараңыз: «зи + йа – лы», «зи + йан – ды». Ал «и» әрібін тарата жазсақ, одан да сорақы: «зы + йа – лы», «зы+йандының» орнына «зый+йанды», «зый+йа+лы» ­болып шығады. Мұны жәй қазақ аңғармауы мүмкін, ал ғалым қазақтың біліуге міндетті екені даусыз.
«Кію», «тію» сөздері де орыстың «миссию», «сессию» секілді сөздеріне жақындатыу мақсатымен жазылған. Мұны ғалым емес жәй адам жасай да алмайды, ойлай да алмайды.
Осындайда «Бір сөздің артын бір сөз түртеді» деген сөз еріксіз есіңе түседі. Орыстардың «близкие», «узкие», тәрізді сөздеріндегі «ие» әріптерінің қатар ­жазылыуы сөздеріндегі «ие», «кие», «бие», «шие», «тие», «жиен», «тиек», «пияз», «миық», «иық», «қиық», «сиық», «қиын», «жиын», «биыл», «жиырма», «сиырма», «жиі», «миы» сөздерінің жазылыу сырын да аша түседі. Тіл мен тілді, сөз бен сөзді бұлайша жақындастырыу қандай ғылымға жататынын өз басым айта алмаймын.
Орыстың «область» деген сөзін қабылдадық. «Аймақ» деуге де болар еді, болдырмадық. Бірақ соны бұуын үндестігін сақтап «о – былыс» (обылыс) деуге болар еді ғой? Тіліміздегі «құбылыс», «сабылыс» сыйақты сөздермен қабысып кетпес пе еді? Ғалымдар соны да білмеді ме? Білгенде қандай! Алайда өйтетін болса,­ орыс тілінің сөйлеу ықпалы ақталмай қалатын еді, мәселе сонда ғой. «Музей», «архив» секілді сөздерден неге қашамыз? Бір-ақ себебі бар: тіліміздің үндестік заңына қайшы келетін сөздер, бір бұуыны жұуан, екінші бұуыны жіңішке. Олар, бұуын үндестігін бұзатын сөздер. Басқаша түсінігі жоқ.
Кезінде тіліміздің табыйғатына келетін де, келмейтін де талай сөзді айттық, жаздық, жұмған аузымызды ашқамыз жоқ.
Енді соның бәрін орын-орнына қойатын заман келмеді ме? Әлде әлі де біз білмейтін бір астар бар ма?
Үндестік заңын бұзбай-ақ «газет» дегенді «гәзет», «кітапты» «кітәп», «күнаны» «күнә», «кінаны» «кінә» деп ­жазыуымыз үшін, кімнен, қай елден рұқсат сұрауымыз керек?
Жаңа «Негізгі ережеде» Ахмет Байтұрсынов пен Хәлел Досмұхамедовтің бірде-бір қағыйдасы жүзеге аспаған. Сондықтан «Ахмет Байтұрсынов пен Хәлел Досмұхамедовтің тіл біліміне қосқан үлесі бар ма, жоқ па деген мәселені біз мемлекет алдына, заң алдына тағы да қойыуымыз қажет. Әлде олардың қағыйдалары зыйанды ма? Зыйанды болса, неге Ахаңа Тіл білімі іністұтының, Халекеңе унійверсійтеттің атын береміз?
Қысқартып, ықшамдап, үнемдеп, жалғамалы тілді жалғамалы етпеу кімге керек? Әрійне, қазақтан басқаға ­керек. Соны жүзеге асырып, өз тілінің жалғамалы табыйғатын өзі бұзып отырған ғалымдардың қылығы не: сатқындық па, білместік пе? Әлде қәтелік пе?
Сауатсыздығы деуге аузым бармайды, жаңа «Негізгі ережені» жасаушылар сызбаша мен сызықша қойылатын сөздерді де бір-бірінен ажыратпаған, бәріне «дефис қойылады» дей салған. Ал, шындығында, қос сөздердің арасына сызбаша (дефійс), іреттік сын есім санмен жазылғанда, қосымшаның орнына сызықша (тійре) қойылатыны бұрыннан қолданылып келе жатқан ереже.
«Ана сөз алай жазылады», «мына сөз былай жазылады» дей салыу ешқандай ережеге жатпайды, неге олай жазылатыны түсіндірілгенде ғана ереже болады. «Негізгі ережеде» бірде-бір ереже айтылмайды. Ал ереже болмаған, ережеге бағынбаған сөзде қандай жүйе, қандай заңдылық болады?
Кезінде Хәлел Досмұхамедов атамыз түрік халықтарының кеңесінде байандама жасап, үндестік заңы («сингармонизм») тіліміздің негізгі заңы екенін ­айтқан-ды.­ Ахмет Байтұрсыновтың да бүкіл қағыйдасы сол заңға негізделген. Оны сан ірет айттық, сан ірет жаздық. Бірақ мен түгіл, Ахаң мен Хәлекеңді құлаққа ілмей үйренген ғалымдар оған селт ете қойған жоқ. «Қыйналма бекер тіл мен жақ, Көңілсіз құлақ – ойға олақ» деген ғой Абай. Біздің құлақ – әлі сол құлақ.
Кәзіргі тіл ғалымдарының бәрі дерлік 1957 жылы қабылданған «Негізгі ереже» бойынша тәрбійеленген ғалымдар. Алайда олар да тіл тарыйхын білмей, зерттемей, ғалым болмауға тійіс-ті. Үйреніп қалған теріс дағды, теріс әдет бәрібір ғылым болмайды. Сондықтан тіл табыйғатын теріс дағдыға жеңгізбеу – әр қазақтың азаматтық борышы.
Бірақ, амал қанша, кеңес дәуірінен бері тілімізді бійлеп-төстеп келе жатқан бұл зорлық пен қорлықтан тілімізді құтқарып алатын ғалым әлі шыға қоймай тұр. Бойында азаттықтың рұухы сақталған халық та, оның ғалымы да отарлық жүйеде қалыптасқан әдет пен дағдыға бұлайша төзіп жүре бермеуі тійіс еді. Өйтетін болса,­ тәуелсіздікті аңсап несі бар, дәріптеп несі бар? Ол отар болып жүре беріуді құптағанмен бірдей емес пе? Қазақ тіліне ғана тән «ө», «ә», «і», «ү», «ұ», «ң», «қ» әріптеріне айрықша ілтійпәтпен қарап, сол бұрынғы 1929 жылғы өз әліпбійіміздегі әріптерді сақтау өте дұрыс еді. Сонда ол да тәуелсіздігіміздің бейнелі бір белгісі сыйақтанып тұрар еді.
Он жылдан астам гәзет-жұрнал, кітәп шыққан бұрынғы латын әліпбійін мүлдем пайдаланбай, ұлттық әріптердің ондағы жазыу үлгісін мүлдем ескермеу – жаңа ереженің негізгі қәтесі.
Тіліміздің бұрын-соңды жасалған ережелерін талдамай, сұрыптамай, бұрынғы кеңес дәуірінде жасалған емле ереженің тонын айналдырып қана ұсына салған ғалымдардан мемлекет алдында, халық алдында жауап беріуін талап етіуге біз әлі қақылымыз, міндеттіміз.
Дегенмен, ғалымдарымыздың ара­сында­ өз тілінің тағдырына жаны ашыйтын­­дардың да бар екеніне мына бір жағдай дәлел.
Жақында Батырболат Айтболатұлы деген ініміздің «Шет елдің әліпбійінің үлгісін іймпорттауды қойу керек» ­деген мақаласын «Қазақ әдебійетінен» оқып бір құуансам, фыйлологыйа ғылымының докторы Айман Жаңабекова деген қарын­дасымыздың былай дегені екі құуантты:
«Қазіргі кезде тілімізге шетелдік, орыс сөздерінің дендеп еніп жатқаны соншалықты, мүмкіндігінше «қарсы тұрып», төл сөздерімізді қолданысқа енгізбесек, тіліміз жаһандық өркенійетке жұтылып кеткелі тұр деуге болады.
Өз тіліміздің мүмкіндіктерін қарастыр­масақ, «Өзгелер қолданды» деп, шетелдік «қонақ сөздерден» айақ алып жүргісіз болатын жағдайға дұушар болатынымыз анық. Сондықтан шет тілдік сөздерді тіл мүмкіндігіне қарай мейлінше балама ­тауып қолданыуға ұмтылыу – әрбір қазақ баласының мақсат-мұраты болу керек деп ойлаймын» («Ана тілі» гәзеті, 8 тамыз, 2019).
Бұл қарындасымыз: «Келешекте, латын қәріпіне өтіу науқанында, шет тілдік сөздерді мейлінше ійгеру мақсаты қойылыуға тійіс. Сондай-ақ сынып, ­пайыз, мұражай, мұрағат болып халық арасына кең тарап сіңетіндей боп кеткен сөздерді қайтадан класс, музей, архив деп қолданайық дегеніміз дұрыс болмайды» деуі де біз ғалымдардан көптен үміттене күткен сөз еді. Айман дұрыс айтады, шет тілден енген сөздерді «Барлық ел солай сөйлейді, барлық ел солай жазады» деген желеумен сол қалпында қабылдап, дайарға майар бола берсек, белгілі уақыттан соң, қазақ тілі өз-өзінен қоқыс тілге айналып шыға келеді. Өзінің табыйғый ережесі жоқ тіл дамымайды, тозады, өзгереді, бұзылады. Себебі оның дамытатындай тұғыр ережесі болмайды. Жоқтан бар болмайтыны секілді жетімдік көреді.
«Қазақ тілінің ендігі дамуын латын графикасындағы жаңа әліпби белгілейді» деп даурыға жазып жатқандар – Айманның әлгі айтқанына ой жүгіртпеген адамдар. Өйткені сөзді дамытатын әріп емес, әріпті қолданыудың ережесі.
Жалғамалы қазақ тілінің үндестік заңы бойынша емес, орыс тілінің «ықшамдалу әдісі» бойынша қалай «дамыйтынын» ғалым інілеріміз сезе ме екен?
Кеңес дәуірінде жандайшап ғалымдар: «Былай жазамыз!» деп бұйыратын, ал халық оны «аса үлкен құуанышпен» қарсы­лықсыз орындайтын, соған дағдыланған ға­лымдар да, халық та жаңа «Негізгі ере­женің» тереңінде жатқан бодандықтың кесірін әлі жан-жақты талдай алмай отыр. Ал әлдеқашан атылып кеткен Ахаң мен Хә­лекең өз заңын қорғай алмай о дүнійеде жатыр.
Құдайға шүкір, біз ойымызды тәуел­сіздікке арқа сүйеп айтып жатырмыз. Өйткені жаңа әліпбійді қабылдау бұрынғы бодан дәуірдегі теріс дағды мен зыйанды­ заңдардан құтылыуға бәс беріп тұр. Сол бәсті пайдаланбау – ғалымдарға, азаматтарға сын.
Мұны көрсек те көрмегенсіп, білсек те білмегенсіп, жан тыныштығын ойлаған пендешілікпен үндемей жүре беруге де болатын ба еді. Бірақ бүлініп жатқан бірер сөз, бірер ереже емес; бүкіл сөз, бүкіл ереже ғой!!!
Кезінде Міржақып Дулатов: «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ, не керегі бар, бекер қуанған екенмін» деп, заң­ның орындалмай жатқанын көріп, қатты өкініпті. Біздің де өкінішіміз соған ұқсас.
«Қайда едің?» атты өлеңімен сол Міржақып менің қабырғамды былай сөгеді:
Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде,
Жол таба алмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер,
Сұраймын, сендер қайда едің?
Тағы бір Міржақып бізге де:
Сөзіңнің сазды үні бұзылып,
Тіліңнің тамыры үзіліп,
Айрылып бәрінен жатқанда,
Бұуынын балта шапқанда,
Дауға түскіш дөкейлер,
«Елім!» – дегіш өңкейлер!
Айтыңдаршы, қайда едің? – дей қалса, болашаққа қай бетімізбен қараймыз? «Аш құлақтан тыйыш құлақ» деп, тыныштықты сақтағымыз келді» дейміз бе?
Алайда елдің тыныштығын сақтау мен жан тыныштығын сақтау – екеуі екі басқа нәрсе емес пе? Елдің тыныштығын сақтау – жанкешті жан-жақты еңбек, халыққа тынымсыз қызмет жасау; ал жан тыныштығын сақтау – «Ойбай, осы күнімізге де зар болып қалармыз» деп, өз көлеңкеңнен өзің қорқып, қыйсайғанды түземей, жоғалғанды іздемей, тек тып-тыныш жан бағыуды ойлау; бәріне бас шұлғып, бәріне құлдық ұрып жүре беріу, соны дағдыға айналдырыу.
Ұлттық табыйғаты бұзылған тіл – кемтар тіл.
Кемтар адамның да мемлекет ішінде өмір сүре беретіні сыйақты, кемтар тіл де өмір сүре береді. Ал мемлекеттің бүкіл жартысы кемтар адамдардан тұрса, ол қандай мемлекет болады? Сол сыйақты бүкіл тілдің жартысы кемтар сөзден тұрса, ол қандай тіл болады? Алданған, күштіге бағынған халық өмірде болады. Ал өзін-өзі алдаған халық қандай халық саналады?
Мемлекет өз адамдарының кемтар­лығын жойыу үшін өмір бойы күреседі, тіл де солай күресіуге тійіс. Себебі мемлекеттің тірегі мен бійлігі де, сайасаты мен мәденійеті де, өз халқын сыйлауы мен құрметтеуі де – бәрі тек тіл арқылы жүзеге асады. «Отыз жыл бойы тәуелсіз мемлекетте өмір сүрсе де, бір-бірімен өз тілінде әлі түсінісе, сөйлесе алмаған халық қандай халық?» дегенді де ойлайтын уақыт жеткен сыйақты.
Елдің тыныштығын сақтау – ерлік, өзіңнің жан тыныштығыңды ғана сақтау – ездік . Ал бізге керегі қай тыныштық?
Жан тыныштығын сақтау үшін, тіліміздің ғасырлар бойы қалыптасқан табыйғатын бұзып отырған бір топ ғалымға жол беріп отыра береміз бе?
Кеңес дәуірінде жасалған зорлық пен қыйанаттан тілімізді қорғап алыуға тәуелсіз мемлекетіміздің де шамасы жетпей­ ме?
Меніңше, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерін» жасауға ҚР Білім және ғылым міністірлігі жауапты болыуға тійіс. Оны қайта жасамайынша, халқымыздың тілі өз тұғырына қайта көтеріле алмайды.
Ресейдің економыйкасына мем­­ле­­кетіміз тәуелді болса да, тіліміз орыс тіліне тәуелді болмайтын шығар? Біз бұрын­ғыдай отар емеспіз ғой.

(Ескерту: Автордың стилі сақталды)

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

3 Пікір

  1. QAZAQ

    Ескі қазақ тілі грамматикасынан: «Сөйлем бас әріптен басталып, сөйлемнің соңында нүкте қойылады» — дан басқалары тіліміздің табиғатына бағытталып қайтадан жазылуы керек. Емле жасау ұзақ уақыт алатындықтан, әуелі барлық таңбаларын компьютер «түсініп оқи алатын» әліпбиді таңдап бекіткен жөн.

  2. Latyn

    1. Aa — а
    2. Ää — ә
    3. Bb — б
    4. Çç — ч
    5. Dd — д
    6. Ee — е
    7. Ff — ф
    8. Gg — г
    9. Ğğ — ғ
    10. Hh — х
    11. İi — и/й
    12. Iı — і
    13. Jj — ж
    14. Kk — к
    15. Ll — л
    16. Mm — м
    17. Nn — н
    18. Ńń — ң
    19. Oo — о
    20. Öö — ө
    21. Pp — п
    22. Qq — қ
    23. Rr — р
    24. Ss — с
    25. Şş — ш
    26. Tt — т
    27. Uu — у/ў
    28. Üü — ү
    29. Úú — ұ
    30. Vv — в
    31. Yy — ы
    32. Zz — з

  3. QAZAQ

    Болашақ латын таңбалы төмендегі 28 дыбысты әліпби қазақ тіліне ыңғайлы деп танимын.
    1. Qq — әзірге бос
    2. Ww — Ыы(Іі)
    3. Ee — Ee
    4. Rr — Рр
    5. Tt — Тт
    6. Yy — Ұұ(Үү)
    7. Uu — Уу
    8. Ii — Ии және Йй
    9. Oo — Оо(Өө)
    10. Pp — Пп
    11. Aa— Аа(Әә)
    12. Ss — Сс
    13. Dd — Дд
    14. Ff — әзірге бос
    15. Gg — Ғғ(Гг)
    16. Hh — Ңң
    17. Jj — Жж
    18. Kk — Ққ(Кк)
    19. Ll — Лл
    20. Zz — Зз
    21. Xx — әзірге бос
    22. Cc — Шш
    23. Vv — әзірге бос
    24. Bb — Бб
    25. Nn — Нн
    26. Mm — Мм.
    2.
    Тіліміздегі қос үндес (Аа-Әә, Ыы-Іі, Оо-Өө, Ұұ-Үү, Ғғ-Гг, Ққ-Кк) дыбысқа бір-бір латын таңбасын арнап, бірінші буынында Ә, І, Ө, Ү дыбыстары бар сөздердің басын (`) таңбамен белгілеп жазса болғаны. Компьютер пернетақтасындағы латынның Qq, Ff, Xx, Vv таңбалары әзірге бос. Пайдаланылмайтын болсақ ол әріптерді ресми қабылданатын әліпбиге кіргізбеген жөн. Тілімізде жоқ дыбыстарға әрі әріп арнап, әрі ондай әріптері бар кірме сөздерді жазуға қосымша ереже жазудың қажеті жоқ.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.