Мақсаты бірдің – рухы бір

Азиада әнұраны

VII Қысқы Азия ойындарының әнұра­нына байқау жарияланып, сол әндердiң iшi­нен арнайы құрылған әдiлқазылар алқасы 10 әндi екшеп, iрiктеп алды. Бұл әндер 2010 жылдың 1 қарашасынан бастап, елiмiздегi радио хабарларын тарату жүйесi арқылы халық назарына ұсынылып, ең үздiк әнұран тандап алыну керек болатын. Ал үздік әнұран атануға таңдап-сұрыптап алынған он ән мыналар: Ескендiр Хасанғалиев, «Азиада алауы»; Кеңес Дүйсекеев, «Азиада Қазақстан»; Нұржан Теңiзбаев, «Қазақ­стан»;
Бақ­тияр Құсайынов, «Ел намысы»; «Мис­терионс» тобы, «Азиада»;
Мақ­­сат Жәу­тiков, «Спорт»; Естай Әлi­­кеев, «Алға, Қазақстан»;
Дүй­сен­­хан Сыз­дықов, «Азиада алауы»; Иван Бреу­сов, «Азиа­да»;
Ер­кеш Шә­кеев, «Азиа­да».
Сөйтiп, радио тыңдаушылардың берген дауысына сүйенген әдiлқазылар алқасы VII Азиаданың әнұранының жеңiмпазы деп Ескендiр Хасанғалиевтiң «Азиада алауы» әнiн атады. Өлеңін жазған – ақын Өтеген Оралбаев.

Азиада медальдары

2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындарында спорттың 11 түрінен 69 медаль жиынтығы сарапқа салынады. VII Қысқы Азия ойындары жеңімпаздарының медальдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі «Қазақстан Теңге сарайы» РМҚК-да әзірленіп жасалған болатын. Сапасы, дизайны және салмағы жағынан олар Азия ойындарын өткізу тарихындағы барлық марапаттардан асып түсетін көрінеді. Аталған медальдарды Азияның Олимпиадалық Кеңесі толық мақұлдап, бекіткен болатын. Азиада кристалының үлгiсiндегi медальдiң ортасында осы дүбiрлi доданың логотипi орналасқан және ұлттық ою-өрнекпен әшекейленген. VII Қысқы Азия ойындарының ресми сайтының мәлiметiне сүйенсек, алтын және күмiс медальдардың салмағы – 340 грамм, ал қола жүлденiң салмағы – 524 грамм.

VII Қысқы Азия Ойындарының ұраны

VII Қысқы Азия ойындарының ұраны: «Мақсаты бірдің – рухы бір!». Аталмыш ұран спорттық Азияның біртұтас рухын, мемлекеттер мен халықтардың бір мақсатқа жетудегі ауызбірлігі мен достығын бейнелейді. Бұл ұран VII Қысқы Азия ойындарын ұйымдастырушы ел – Қазақстанның Олимпиада идеалдарына адалдығын тағы бір дәлелдейді.

Азиада логотипі

Қысқы Азия ойын­дарының логотипі (эмблемасы) олимпиадалық спорттық қозғалыс идея­сын білдіріп, Азия ойындары өтетін елдің ерекшелігін көрсетіп тұруы тиіс. Азиаданы ұйым­дастырушы мемлекет логотип жасайды, кейін ол Азиялық Олимпиада Кеңесімен бекітіледі. Азиялық ойындардың барлық элементтерінің ажырамас бөлігі жоғарыда жарқыраған күн көзі болып табылады. 2007 жылы 2011 жылғы Азия ойындарының ресми логотипіне байқау жарияланды. Байқауда 50 жұмыс қаралып, финалға 10 жоба шыққан болатын. Байқаудың қорытындысы бо­йынша Тигран Туниянц жетекшілік еткен дизайнерлердің шығармашылық тобы жүлделі болды. Ертеректе аталмыш ұжым Пекин қаласында болатын Олимпиадалық Ойындардың алдында Алматыда өткен Олимпиада эстафетасының стилистикасы мен безендірілуін жасаған еді.
Өз кезегінде VII Қысқы Азия ойындарының логотипінiң мағыналы пiшiнi сонау қилы замандарда көшпендi қазақ халқы пайдаланған арбаның дөң­гелегiне келедi. Геральдика өнерiнде дөң­гелек – кеңiстiк пен уақыт әлемiндегi мәң­гiлiк қозғалыстың белгiсi. Тұрақты даму идеясының көрiнiсi бола тұра, логотип өмiрдiң жасампаздық дәстүрiн айшықтайды.
Доңғалақ бейнесі дөңгелек символикасына жақын болып келеді және көне нанымдарға сәйкес, ол Күн Құдайының Жерді айналу идеясын береді. Бұл ретте логотип – солярлы белгі, сондықтан ол өмір мен амандық-саулықты сыйға тартатын шырақтың сәулелі қуатын білдіреді.

«Азиада-2011» бойтұмары

2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында Астана мен Алматы қалаларында өтетін VII Қысқы Азия ойындарының тұмары ретінде заманауи Қазақстанның нышаны болып есептелетін тау барысы таңдалды. Әлемнің түрлі елдерінің мәдени дәстүрінде аталмыш аң – азаттық пен күшті бейнелейді. Қазақстан 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуында «секіруге дайын тұрған жас барыс» ретінде мінезделген. Қазақстандық барысқа қайраттылық, азаттық, батылдық тән. VII Қысқы Азия ойындарының тұмарын әзірлеуші Тигран Туниянцтың пікірінше, «заманауи әлемдік кеңістікте Қазақстан азиялық барыс образына ие болады. Өзіндік мінезі бойынша, бұл аң Олимпиада ұранына, дәстүріне өте жақын…». 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының тұмары атағына ие болуға тау барысынан басқа қарсақ, арқар, елік те үміткер болды.
Біріншіден, заманауи ақпараттық кеңістікте қар барысы тәуелсіз Қазақ­станның қуаттылығы мен алыптығын көрсететін негізгі бейне ретінде қалыптасты. Тұмардың басты міндеттерінің бірі – Ойындар өтетін жердің бірегей рухын көрсету екені белгілі.
Екіншіден, тұмар Азиаданың жалпы фирмалық стилінің бөлігі ретінде және барлық визуалды материалдардың жалпы контексіне үйлесімді болуы тиіс. Осы орайда туған ортасы тау шыңдары болып табылатын қар барысынан басқасын табу қиын.
Үшіншіден, тұмар міндетті түрде заманауи Олимпиада қозғалысының құндылықтарын бейнелеуі тиіс, бұл ретте қар барысы нағыз «олимпишіге» тән барлық қасиеттерді бойына жиған: күш, батылдық, төзімділік пен тектілік.
Төртіншіден, қазіргі заманда спорттық тұмар өз халқының дәстүрлерін, оның тарихы мен маңызды мәдени кодтарын көрсетуі тиіс. Бұл ретте барыс бірнеше мәнге және мазмұнды нышанға ие белгі болып табылады.
Зооморфты образдар ежелден-ақ көшпелі өркениет мәдениетінде әлемді үлгілеу құралы ретінде қызмет еткені белгілі.
Бесіншіден, сақтардың мифо­логиялық түсінігінде барыс – әділетті жақтаушы: ол жоғары сот сияқты төрелігін айту үшін биіктен шолып отырады. Сондай-ақ барыс ғарыштық әлем тәртібінің қорғаны, әлем құрылуының тұрақтылығының кепілі бола отырып, Өмір ағашының қорғаушысы ретінде көрінеді, өз кезегінде осының барлығы Олимпиада қозғалысының негізгі идеяларымен қиюласады.
Батыл, жүйрік әрі төзімді ІЛБІС үшін спорт – өмір салты. Күшті, сымбатты, қуатты бұл аң сонымен қатар өте бауырмал және өз өмірін қимыл-қозғалыссыз, қарым-қатынассыз өткізбейді.

Сұлтан ТАЙҒАРИН

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. мади

    дұрыс жауап жазылмаған

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.