АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ МАҢЫЗДЫ

Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Президент қазақстандық масс-медианы қолдауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Кездесу барысында Президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, аза­маттық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жас­тардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ диаспоралық және діни саясат бағы­тында жоспарланған шаралар туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Еріктілер жылының» тиімді өткізілуіне, еріктілерге қолдау көрсетудің нақты институттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.
Мемлекет басшысы «халық үніне құлақ ­асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға ­аза­маттық қоғамды тартудың, «Ашық Үкімет» ­қағи­даттарын дамытудың маңызы зор екенін айтты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.