«ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАДЫҢ СЕН МАҒАН…»

Жадыраған көктеммен бірге келер жарқын мереке – 8 наурыз да таяу қалды.
Мереке кезінде ерекше көңіл бөлер жан – Ана.
Ана өмірдің берекесі, тіршілік басы.
«Алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам бар ма екен өзі. Ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Адам бойындағы ізгі қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды.
Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Бұл рас. Анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде өзін жарық дүниеге әкелген анасы үшін қарыздар. Міне, сол себепті де Ана алдында бәріміз де басымызды иеміз.
Арулар туралы не айтамыз? Нәзік жандыларды дәл қазақтай қай халық құрметтей алыпты… Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып, оның болашақта ел анасы боларына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен. Қазақ қызы әрқашан да еркін сөйлеп, ойын ашық айтқан. Алайда олар ешқашан әйелдік болмысын жоғалтпаған.
Мереке құтты болсын, қадірлі Аналар мен арулар! Сіздерге өмірдегі бар жақсылықты тілейміз!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.