Үздіктер марапатталды

Алматы облысы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық ­филиалы, облыстық Тілдерді дамыту басқармасы және  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «ОРТАҚ АБАЙ» атты  өзге ұлт өкілдері жастарының арасында көркемсөз оқу байқауы өтті.

Хакім Абайдың 175 жылдық ­ме­рей­тойына тарту ретінде қолға алын­ған шара өте жоғары деңгейде ұйым­дастырылды.
Байқаудың мақсаты – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласындағы рухани бағыттарды жүзеге асыру, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорды насихаттау, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы қазақтың көркем әдебиетіне деген жастардың ықыласын арттыру. Абай мұраларын өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында ­насихаттау мақсатында өткізілген байқауға қатысқан өрендердің еңбегі зор. Себебі мемлекеттік тілге деген құрмет, кітап оқу мәдениетін жандандыру, ұлтаралық татулықты нығайту, ұлтымыздың тарихын, әдебиетін, мәдениетін танып-білуге ықпал жасаған жастардың бүгінгі беталысы көпшілікті қуантты.
Облыс бойынша өткен байқауға 31 үміткер қатысты. Барлығы Абай мұрасын жетік меңгергенін көрсетіп, көптің ыстық ықыласына бөленді. Талдықорған қаласының №2 орта мектептің 9-сынып оқушысы ­Сраждин Файзуллаев, №28 IT мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы ­Владислав Филькин және №12 орта мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Маргарита Нагаева жеңімпаз атанды.
Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыған жеңімпаздар дипломдар мен ­арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілерге Алғыс хат тапсырылды.

Д.Мәкен
Алматы облысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.