Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ АНТЫНА АДАЛ БОЛЫҢЫЗДАР!

«Ана тілі» газетінің ұжымына!

Еліміздің ақпараттық кеңістігінде өз орны бар «Ана тілі» газетінің жарық көре бас­тағанына 30 жыл толу мерейтойымен, осы басылымның тұрақты оқырманы ретінде шын жүректен құттықтаймын.
Тағдырлы өткелдерден аман өткен ана тіліміздің жай-күйі осы бір басылымның оқыр­манға жол тартуына себеп болды. Ұлттық арман-аңсармен қол жеткізген тәуел­­сіздіктен бергі уақытта «Ана тілі» газеті оқырманының қасынан табылды, биік мұраттарға жетеледі, абыройлы ағарту­шылық міндет­ті адал атқара білді. Мемлекеттік тілдің айырықша рөлін ­бұ­қараға түсіндіріп, насихаттауда «Ана тілі» қайыспас қара нардың жүгін көтеріп келеді.
Тіл – тарихпен, мәдениетпен, әдебиет­пен, қоғамдағы өзге де салалармен ты­ғыз бай­ланысты. Мұны газет бетінде жарық көріп жүрген толғамды материалдар айғақтайды.
Қазақта «орда бұзар – отыз жас» деген сөз бар. Демек, руханият мәселелерін жан-жақты кө­теріп жүрген басылым – шы­ғар­ма­шы­лық­тың нағыз шабытты ша­ғында. Олай болса, газет ұжымы алдағы уа­­қытта да еліміздің игілігі үшін табыс­ты еңбек етіп, оқырман көңілінен шығар ойлы дүниелерімен қуанта беретініне сенім мол.
Ұлттық баспасөздің қарлығаш­тарының бірі саналатын «Қазақ» газетінің антына адал болыңыздар!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.