ASSYLTAS 200 отбасыға жәрдемдеседі

ASSYLTAS қоғамдық қоры еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты қиындыққа тап болған 200 отбасыны іріктеп алып, 25 000 теңгеден қаржылай көмек үлестірмек. Олар көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналар және әкелер.

Қордың бастамасымен қайырымдылық акциясы басталып, халықтың көмегі арқылы 1 236 768 теңге жиналған. Қаржы жинауға 351 адам жәрдемдескен. Бастапқыда уәде етілгендей, ASSYLTAS қоғамдық қоры жиналған қаржыны екі еселеп, тағы 100 отбасыға көмек қолын созатын болды.
– Бұл акцияны бастаған кезде қанша ақша жиналса, үстіне сонша қаржы бөлетінімізді айтқанбыз. Халықтың ықыласы кең екен, қайырымды жандардың арқасында біз енді міне, 100 отбасыға көмектесе аламыз, өтініштердің көптігіне байланысты қор құрылтайшысы Дулат Тастекеевпен кеңесе келе, біздің қор тағы 100 отбасыға қаржылай көмектеспек. Яғни, 200 отбасыға 25 000 теңгеден үлестіреміз, – деді ASSYLTAS қоғамдық қорының жетекшісі Р.Оқас.
Көмек алу үшін қоғамдық қордың электронды поштасына 1000-нан аса хат келіп түскен. Қор қызметкерлері алдағы 3 күнде өтініштерді қарастырып, мұқтаж 200 адамның тізімін жасайды.
Айта кетейік, ASSYLTAS қоғамдық қоры 2018 жылы құрылған. Қор мәдениет, өнер, спорт салаларын қолдаумен, көпбалалы аналарға жәрдем көрсетумен айналысады.
Аталмыш қор, Қанат Ислам, Жәнібек Әлімханұлы, Ерасыл Қажыбаев сынды танымал спортшылардың демеушісі болған. Жыл сайын қордың ұйытқы болуымен республикалық ақындар айтысы өткізіліп жүр.
Екі жылдан бері ASSYLTAS стипендиясы спорт, ғылым, журналистика және әдебиет саласында жүрген азаматтарға тағайындалуда.
Қазіргі таңда, қордың қаржыландыруымен Семей қаласындағы Орталық мешіттің құрылысы жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Гулмира

    Мен коп балалы анамын.карантин кезинде.балдарымды багып отырган кунделикти табысымнан аиырлдым.42500ден отказ келди.ешеандаи комек алмады.

  2. Айганым

    Сәлеметсіз бе менин 4 балам бар жумыссыз калдым жалдамалы пәтерде турамыз бизге кандайда болса көмек берсениздер

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.