Өмір жолы – өнеге

Белгілі жазушы Нағашыбек  Қапалбекұлы 1969 жылы Приморье өлкесіндегі Даманск  аралы үшін шекарада болған оқиғаға қатысқан  ардагер. Қазақстан Президенті өзінің №2247 Жарлығымен 1995 жылы 28 сәуірде бұл оқиғаға қатысқан жауынгерлер мәртебесін Ұлы Отан  соғысы  ардагерлері қатарына қосты. 

Қазір елімізде сол оқиғаға қатысқан жиырмадан астам ардагер бар. Н.Қапалбекұлы Даманск оқиғасына қатысқан ардагерлер кеңесінің төрағасы, түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген елуден астам кітаптың авторы.
Биылғы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына байланысты қаламгерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хат жолдады. Онда былай делінген:
«Құрметті Нағашыбек Қапалбекұлы! Сізді Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің адамзат тарихындағы ерен еңбектеріңіз бүгінгі бейбіт өмірімізге, жарқын болашағымызға жол ашты. Бұл ешқашан ұмытылмайды. Ардагерлердің даңқты өмір жолы – Отанға қызмет етудің және татулықтың озық үлгісі. Өскелең ұрпақ әрдайым өздеріңізге қарап бой түзейді. Сізге денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін».
Сондай-ақ Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің 2019 жылғы 13 маусымдағы Жарлығымен Н. Қапалбекұлы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекелік медалімен наградталды.
Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, «Нұр Отан» ­партия­сы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек те арнайы құттықтауларын жіберді.

С.ӘШІМОВА

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.