«ЖАС МАМАН» ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында жарияланған тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда.
«Жас маман» жобасы «Жастар – Ел тірегі» ұлттық жобасының құрамына кіреді. Жобаның негізгі мақсаты — сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандық бойынша 180 колледж бен 20 ЖОО жаңғыртуды және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу.

Жоба аясында шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі мемлекеттік орган­дардың, салалық қауымдастықтардың және «Атамекен» ҰКП қатысуымен «Жас маман» жобасын іске асыру жөніндегі комиссия құрылды.
«Жас маман» жобасы аясындағы барлық шешімді ­Комиссия талқылап, қабылдайды. Жоба аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сұранысқа ие 100 мамандықтың тізімін анықтады. 180 колледж және 20 ЖОО іріктеу сапа көрсеткіштері бойынша конкурстық негізде жүргізілді.
Колледждерде кадрларды дайындаудың халықаралық стандарттарын енгізу үшін шетелдік серіктестер ­тартылады. Шетелдік серіктеспен бірлесіп кадрларды дайындау бағдарламаларын жаңарту, оқытушыларды даярлау және оқу орны мен менеджмент процестерін жетілдіру бойынша жұмыс ұйымдастырылған.
2020 жылы республикалық бюджеттен 80 колледжді заманауи жабдықтармен жарақтандыруға 25,8 млрд теңге қарастырылған. Халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа жабдықтар мен бағдарламалармен колледждерде оқуды бастау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, ал қалған 100 колледжді келесі жылы жабдықтау жоспарланған.
Салалық халықаралық стандарттардың енгізілуіне байланысты кәсіпорындардың жұмыс істеп тұрған қызметкерлерін олардың талаптарына сәйкес оқыту және қайта даярлау бөлігінде кәсіпорындармен өзара тиімді ынтымақтастық орнатылады. Бұл колледждерге компанияның оқу / тренинг орталығы ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді, осылайша колледждің одан әрі дамуына қосымша бюджеттен тыс кірісті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ құзыреттілік орталықтарының базасында жастарды инновациялық және стартап-жобаларға тарту үшін бизнес-инкубаторлар / технопарктердің жұмысы ұйымдастырылады, онда тартымды жобаларды қаржыландыру үшін бизнес-орта шоғырландырылатын болады.
2019 жылы «APEC PetroTechnic» (Атырау) жоғары колледжіне түсуге құжаттарды Қазақстанның барлық өңірлерінен 3000-ға жуық адам тапсырды. Колледж басшылығы талапкерлердің халықаралық бағдарламада, ағылшын тілінде білім алу және Атыраудан шықпай-ақ, халықаралық сертификат алу мүмкіндіктерінде техникалық білімнің талап етуінің құпиясы деп санайды.
Тарихы бай қазіргі заманғы және алдыңғы қатарлы қазақстандық мұнай компаниясының бірі «Ембімұнайгаз» жыл сайын APEC PetroTechnic-тің 50-ге жуық студенттерін дуальді оқыту мен практикаға шақырады. Компания студенттерге жұмыс берумен қоса, бағдарламаларды, жабдықтарды жаңартуға және оқытушылар құрамына арналған тағылымдаманы ұйымдастыруға көмектеседі.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС HR менеджері Әсел ­Жайлашева: «APEC Рetrotechnic студенттерінің артықшылықтарының бірі – осы колледждің заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген шеберханаларында алынған жұмыстың практикалық дағдыларының арқасында өндірісте жұмыс істеуге тез кірісуге дайын болуы, мұнда шынайы өндіріс процесі жасалған» дейді. АМӨЗ кәсіби өндірушілері студенттерді практикамен ғана қамтамасыз етіп қоймай, процестерді өзгертіп, жақсартқысы келетін талантты жастардың идеяларын дамытады.
«Бізді АРЕС студенттерінің SPE өміріне белсенді қатысуы қуантады. Студенттер сала кәсіпқойлары ­арасында өз жобалары үшін менторларды тауып, әлеуетті жұмыс берушілермен танысуға тамаша мүмкіндік алады» дейді SPE Atyrau Section 2020 президенті Берік Уап.
Сәтті тәжірибенің арқасында APEC PetroTechnic Жоғары колледжі «Жас маман» жобасы аясында Қазақстанның басқа 180 колледжін жаңғырту үшін үлгі болды. АРЕС халықаралық стандарттарды енгізгеннен кейін колледждер салалық құзыреттілік орталықтарына айнала алатынын және барлық сала үшін сапалы жұмыстың сарынын қоя алатынын дәлелдеді.

Назым РЫСБЕТОВА

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.