Ғылымға жаңашылдық қажет

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен тиісті министрлік басшыларына еліміздегі ғылыми-зерттеу институттарының директорларын іскер, білікті жас ғалымдардан тағайындауды тапсырғаны белгілі.

Алғашқы өзгеріс Шығыстану институтында болды. Мұнда белгілі ғалым, тәуелсіздік жылдары қытайтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, аудармашы, ақын Дүкен Мәсімханұлы аталған ғылыми мекеменің директоры қызметіне тағайындалды.
Дүкен Мәсімханұлы бұған дейін Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде жемісті еңбек еткен. Университет жанындағы Қытайтану институтын қоғамдық негізде басқарған білікті маман шығыстағы көршімізбен арадағы саяси-әлеуметтік байланыстардың бағдарына қатысты маңызы бар бірнеше мәселелер көтергені мәлім. Ол ұсыныстары жоғары деңгейде қолдау тапқаны да жадымызда.
Ал А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институ­тының директоры қызметіне филология ғылымының кандидаты Анар Фазылжан тағайындалды. Анар Фазылжан бұған дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
Қос ғалым да бұған дейін «Ана тілі» газетінде тіл мәселелеріне қатысты мазмұнды дүниелерімен оқырман қауымның көңілінен шығып жүрген белсенді авторларымыз. Бұл байланыс алдағы уақытта да жалғаса беретініне сеніміміз зор.

Н.ХАНТӘҢІРІ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.