«Әліппе» мен «Ана тілі» оралады

Келесі оқу жылында бірінші сынып оқушылары «Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілін» оқиды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында хабарлады. «Жақында Мемлекеттік жал­пыға міндетті стандартқа өзгерістер енгізіліп, Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Ондағы маңызды жаңалықтардың бірі – келесі оқу жылында бірінші сынып оқу­шылары «Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілін» оқиды. Бірінші сынып оқушылары оқу жылының бастапқы екі тоқсанында «Әліппенің» бағдарламасын, қалған екі тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды. Сәйкесінше, орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда «Букварь» мен «Обучение грамоте» пәндері жүргізіледі» деді Асхат Аймағамбетов. Министрдің айтуынша, «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде ­дайындалады. А.Аймағамбетов оқулықтарды әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын да атап өтті. «Бірыңғай бағдарлама жасаумен айналысатын жұмыс тобын құрдық. Оның құрамында мықты тіл мамандары, әдіскерлер, бастауыш сынып мұғалімдері мен бұған дейін оқытылған «Әліппе» оқулықтарының авторлары бар. Бағдарламалар мен оқулықтар дайын болғаннан кейін оларды пилоттық мектептерде сынақтан өткіземіз деп жоспарлап отырмыз» деді Асхат Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Asqar

    Жаңа әліпби қашан ресми түрде бекітіледі, созылып кетті ғой, осы мәселені неге көтермейсіздер, «Ана тілі»?

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.