ЕЛІНІҢ ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНГЕН АЗАМАТ

Қазақ әдебиетінің, мәдениетінің, өнері мен баспасөзінің жанашыры, «Ана тілі» газетінің белсенді қолдаушыларының бірі, Алматы облысы Тал­ғар ауданының әкімі Жолан Ыбы­райақын­ұлы Омаров қайтыс болды. Ол 1979 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер, Қазақ ұлттық аграрлық университетін кадастр бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын «КИРЗАВОД-1» ЖШС атқарушы директоры болып бастады. Әр жылдары Алматы облысында жауапты қызметтер атқарған. 2017-2019 жылдары Алматы облысы Райымбек ауданының, 2019 жылдың қыркүйек айынан Талғар ауданының әкімі болған. Қай қызметінде де елдің ықыласына бөлен­ген азаматтың иман нұры пейіште шалқысын!

«Қазақ газеттері» ЖШС

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.