Ұлыстың ұлы күні

1-d0b1d0b5d18210

Шамалы күннен кейін Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз табалдырықтан аттайды.
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Мұның жер бетінде қашаннан бері тойланып келе жатқанын дәл айту қиын.

Наурыз – күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.
Кезінде Наурыз да саясат құрбанына айналды. 1920 жылы халық Наурызбен қайта қауышты. 1926 жылы асыра сілтеушілік салдарынан мейрамды атап өту тағы да күрт тоқтатылды. Арада 62 жыл өткен соң Наурыз тойы тұңғыш рет тойланды. 1989 жылдан Жыл басын жалпы халық болып қарсы ала бастадық.
Халқымыз Ұлыс күнді жыл басы санайды. Тілімізде Наурызға қатысты «жер бетінде жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн», «Жер-ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі жібіген күн», «Самарқанның көк тасы еріген күн» тәрізді басқа да сөз оралымдары бар.
Наурыз күні адамдар пендешілік атаулыдан тазарып, бір-біріне мейірім нұрын төккен. «Ұлыс күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «Жақсылыққа жақсылық – жай адам­ның ісі, жамандыққа жақсылық – ер жігіттің ісі», «Таспен атқанды аспен ат» секілді нақылдарды ту еткен үлкендер ренжіскен аға­йын, дос-жарандарды табыстыр­ған. Сөйтіп, ел бірлігін күшейткен.
Ұлыс оң болсын! Ұлыс береке берсін!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.