Араб елдеріндегі текетіреске не түрткі болды?

Соңғы кездері араб елдеріндегі саяси текетірестің шығу себебіне байланысты алуан түрлі пікірлер айтылып жүр. Көпшілігінде оған біржақты баға берілген. «Бұл – биліктегі ат төбеліндей топтың жасап отырған қысастығына қарсы бұқараның бас көтеруі» дейді кейбір тәуелсіз сарапшылар. Бұл пікірдің де жаны бар сияқты. Елдің жаңалықты, өзгерісті қалайтыны шындық. Дегенмен әр нәрсенің астарына тереңірек үңілгеніміз дұрыс. 
Адамзат тарихындағы осындай оқиғалардың шығу себебіне көз жіберсек, қақтығыстардың барлығы көп жағдайда табиғи ресурстарға тар­тыстан туындаған. Араб елдеріндегі қазіргі саяси ахуал тура осындай. Қазір бүкіл әлемде қуат көздері үшін күрес жүріп жатыр. Ал Ливия – жер шарындағы «қара алтынның» 3 пайызына иелік етіп отырған ел. Олигархтар осыған қол жеткізуге талпынуда. Бұл үшін олар араб мемлекеттеріндегі билікке өз сөздерін өткізе алатын «қуыршақ патшаларды» отырғызуға күш салуда. Жуырда PuppetWorld атты ақпараттық порталда аталған оқиғалардың себеп-салдарын талқылаған тұшымды материал жарық көрді. Онда мақала авторлары Солтүстік Африкадағы текетірестің шығуына әлемге әйгілі Ротшильдтер әулеті түрткі болды деген пікір айтқан. Олигархтардың көз тігіп отырған келесі бір нысанасы – кейінгі жылдары қатты қарқын алған Ислам банкингі. Олар өздеріне күшті бәсекелес болып бара жатқан Ислам банктерін тұқыртуға бұл жолы құлшына кірісті. Дағдарыстан кейін өсімқорлыққа құрылған Батыстың банк саласына жұрттың сенімі аза­йып кеткені белгілі. Бұл жағдай өз тұтынушыларының тәуекелін бірігіп көтеретін, өсімқорлыққа қатаң тыйым салатын мұсылман банктерінің дамуына жол ашты. Ал Еуропада жыл өткен сайын мұсылмандардың саны артып келе жатқанын ескерсек, түпкілікті жағдай шариғат шарттарымен жұмыс істейтін институттардың пайдасына шешілуі мүмкін. Тұтынушыларынан айырыла бастаған Еуропа банктері бұған бұдан ары төзіп отыра беруге болмайтынын түсініп, қазір қарсы қимылға көше бастаған сыңайлы.
Business Intelligence-нің ағымдағы оқиғаларға байланысты жасаған соңғы баяндамасында қалыптасқан жағдай анық суреттелген. Баяндамада былай делініпті: «Егер Мысырдағы Абу-Даби Ислам банкінің мұсылмандарға арналған қызмет түрлерін енгізуге бағытталған талпынысы сәтті аяқтал­са, бүкіл нарық солардың қолына ығысып кетуі әбден мүмкін. Қазірдің өзінде тұтынушылар үшін өзара тартысқа түскен жергілікті банктер Ислам өнімдерін ұсына бас­тады. Осы жағдайды қорыта келе, алдағы уақытта бізді үлкен тартыс күтіп тұр деп анық айта аламыз». Ал Малайзиядағы ау­қымы жағынан екінші орында тұрған Ислам банкі Kuwait Finance House-нің басқарушы директоры Хауажа Мұхаммад Салман Жүніс «алдағы 3-4 жылда Ислам банктері Австралия, Қытай, Жапония мен әлемнің өзге өңірлерінде де ашыла бастайды» деп мәлімдеді. Бұдан Еуропаның ірі банктеріне, әсіресе, Ротшильдтерге үлкен тықыр таяғанын көруге болады. 2010 жылы Тунистің тақтан түсіп қалған президенті Бен Әлидің жақын туысы елде бірінші болып «Зайтуна» деп аталатын Ислам банкін ашты. Бұл ел президентінің Тунисті «банк қызметі мен өңірдегі қаржы орталығы» қылуға құлшынған алғашқы қадамы болатын. Бірақ ол алысқа бара алмады. Өткен қаңтар айының 11-і күні осы әулетке жататын 33 адам «ұлтқа қарсы жасаған қылмысы үшін» деген желеумен түгелдей тұтқынға алынды. Келесі күні елде Ислам банкінің дамуына даңғыл жол салып үлгере алмаған «Зайтунаны» Ротшильдтерге қарайтын Тунистің Орталық банкі өз құрамына қосып алады. Осы оқиғаларды қорыта келгенде демократия орнатып, қатыгез билеушілерді тақтан тайдыру үшін жасалған араб елдеріндегі «революциялардың» барлығы құр желеу екенін аңғару қиын емес. Араб мемлекеттеріндегі бүлікті қолдан жасап отырған алпауыттар елді қанға бөктіріп, өз мақсаттарына жетуді ғана көздеп отыр. Бұған ғаламтордағы PuppetWorld сайтында жарық көрген мына пікір толық дәлел бола алады: «Ротшильдтер ел билеушілерін тақтан түсірген соң мұсылмандарды өздеріне экономикалық тұрғыда кіріптар қылуды қалайды. Ал Азаматтар өздері қан төгіп жүріп қол жеткізген сөз бостандығы мен демократияны орнатқанымен, жеме-жемге келгенде экономикалық жағынан алпауыттардың құлы болып шыға келеді». Араб елдеріндегі «революцияның» түпкі мақсаты, міне, осы! Білетіндердің айтуына қарағанда, Батыс мемлекеттері білек сыбана кіріскен араб елдеріндегі төңкерісті International Crisis Group, яғни халықаралық дағдарыс тобы деп аталатын ұйымдағы ат төбеліндей алпауыттар үйлестіріп, басқарып отырған көрінеді. Бұл ұйым – Ротшильдтер құрған көп өрмектің бірі. Айтпақшы, Солтүстік Африкада билікпен күрес басталғанда оппозицияның басшыларының бірі атанып, аяқастынан пайда болған Мұхаммед әл-Барадей де осы топтың белді мүшесі болып шықты. Ұйымның Директорлар кеңесіне тағы бір баршаға белгілі саясаткер Збигнев Бжезинский де кіреді, ал оның атқарушы комитетінің тұрақты мүшесі – Джордж Соростың нақ өзі. Төңкерістің төңірегінде олардың жүргені көп нәрсені аңғартады. Бір-бірімен қырықпышақ болып, бүліктен көз ашпай жатқан мұсылман мемлекеттері осы оқиғадан сабақ алса жақсы!

Жолымбет Мәкішев

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.