Бақыт Сыздықова, депутат: «Есымде жоқ, қазақ тілін қашан уйрену басталдым…»

d0b1d0b0d0bad18bd1821«Өзімізден бастайық» айдарының бүгінгі қонағы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақыт Сыздықова. Сары шашын бұрым секілді өріп қоятын бұл Бақыт та – үнемі «ат үстінде» жүретін арулардың бірі. Басқа әріптестеріне қарағанда анағұрлым жас көрінетін Бақытқа еті тірілігінің арқасында елордадағы еңселі үйден ертерек орын тиген секілді. Әрдайым көңілді көрінетін депутат ханым бұқаралық ақпарат құралдарының да бетін қайтарған емес. Біз де үзіліс кезін пайдаланып, оның телефонына қоңырау шалдық.  
– Алло, сәлеметсіз бе, Бақыт?
– Саламатсыз ба?
– «Ана тілі» газетінен хабарласып тұр едік. Бір-екі қарапайым сауалымыз бар.
– Бізде казыр жиналыс. А қандай сурак?
– Отбасында қай тілде сөйлесе­сіздер?
– Отбасында?.. Орыс тілінде.
– Отағасы орыс ұлтының өкілі болғаны ғой?
– Жоок. Казах.
– Онда неге ана тілдеріңізде сөйлеспейсіздер?
– Былмеймын…
– Өзіңіз мемлекеттік тілді меңгергенсіз бе?
– Менгірдініз??? Аударынызшы. Мен білмейм ол созді…
– Қазақ тілін қашаннан бастап үйрендіңіз?
– Ммм… Менін есымде жоқ.. Қашан үйрену басталдым…
– Сіздің әріптесіңіз Тәңірберген Бер­доң­ғаров өзінің мемлекеттік тілді білу деңгейін төрттікке бағалағанын білеміз. Сіз ше? Сіз қазақ тілін қанша­лықты білесіз? Өзіңізге қандай баға қояр едіңіз?
– Ой, білмейм… Мен муғалым емеспын гой.
– Дегенмен…
– Жооок, Уяламын мен…
– Рахмет..
– Сізге де!
– Сау болыңыз.
– Давайте, келе жаткан мерекенызбен!

Ана тілін білмегені болмаса, аңқыл­дап тұр. «Ұяламын» дейді, ұялса, ұялғандай-ақ екен. Қазақ тілін қарық қылмаса да, қазақшасын төртке бағалайтын кей шенеуніктерге қара­ғанда, бұл да тәуір. Десек те, Бақыттың сөзінен бірер жылда мемлекеттік тілге бүйрегі бұратын сыңай байқалмайды. Аңғарғаныңыздай, шенеуніктердің кейбірі мемлекеттік тілді меңгермек түгілі, «меңгеру» сөзінің мәнін түсінбей жүр. Бұдан кейін не дейміз?

Динара ІЗТІЛЕУ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.