Нұрлан Өтешев: Маған жақсы сөз айтса, мерейім өседі…

d0bed182d0b5d188d0bed0b2«Өзімізден бастайықтың» бұл жолғы кейіпкері депутат емес, бірақ саясаттан да ауылы алыс емес. Дұрысы – саяси науқандардан саяқ жүрген кезі жоқ. Бұл – жастар жағы жақсы танитын Нұрлан Өтешев. Жастайынан белді қызмет­тердің тізгінін ұстады. Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің Жастар саясаты департаментінің директоры болса, қазір Нұрлан – «Нұр Отан» Халықтық -Демократиялық партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның Атқарушы хатшысы. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Сәл ілгерірек бұрын Нұрланның мемлекеттік тілге шорқақтығы туралы сын жиі айтылатын. Бірақ сонысына қарамай Нұрлан шала қазақшасымен сөйлеп-ақ жүрді. Жақында біз «Қаншалықты тіл меңгерді екен» деген оймен Нұрланмен телефон арқылы тілдескен едік.
–Нұрлан, жалпы қазақтілді газет-журналдарды оқисыз ба?
–Мен ен біріншіден тек сайттарды оқып отырамын. Енді көптеген сайттарды қараймын. Ал қазақша ақпаратты іздеп жатсақ, «Массаған» арқылы із­деп жатамыз. Үлкен газеттерден саяси ақпарат іздеп жата­мыз. Кобінесе жастар компьютері болмаса да соткасымен интернетке кіріп, ақпаратты алады.
– Сіз әдеби кітаптар оқисыз ба? Соңғы оқыған кітабыңызды атаңызшы.
– Әдебиет оқып жатам… Коп оқуға… оған… уақыт көп болмай жатады. Сонда да тырысқанымыз… Сонғы оқығаным… Шынғыс Айт­матовтың фантастика саласын зерттеп жатырмын. Орысша.
– Ал қазақша ше?
– Оқимын… Енді ол өзінше Сейфуллиннін… Қа­зіргі кезде баламмен қайта оқып жатырмын. Ол бірінші сы­ныпқа барған… Ыбырай Ал­тынсариннің ертегілерін… өзім білмеген…
Өзіңіз секілді саясаттағы жас­тар туралы не айтасыз?
Мен ойлаймын, қазіргі жастардың ой-санасы оянған деп. Жастар саясатта емес, өмірде де белсенді позиция ұстап отырса, ешқашан да женіліп қалмайды. Қазіргі кезде біздің алдымызға қойылып жатқан парыздарымыз… былай… күрделі болайын деп жатыр. Ойткені қазіргі кезде әлем … бөлініс… енді баріміз көріп жатырмыз ғой… енді сондай рухани ізденіс болып жатыр. Бір жағынан, экономикалық сондай бір ережелер болып жатыр…
– Сіз екі баланың әкесі екенсіз. Балаларыңыз мектепте ме, әлде балабақшаға бара ма?
– Үлкені Астана қаласында «Нұрорда» мектебіне барды. Бірінші сыныпқа.
– Ол қандай мектеп?
– Ол төрт жылдай ма ашыл­ған мектеп. Қазақ тілді мектеп.
– Солай деңіз. Ал екіншісін қандай мектепке бермексіз? Қазақ мектебіне ғой?
– Алла берсе.
– Сөз арасында мақал-мәтел қолданасыз ба?
– Енді сондай бір керемет мақал-мәтелдерді білем деп өзімді мақтай… мақтана алмаймын. Бірақ, Аллаға шүкір, өзімнің тілімнің терендігін сезінемін.
– Бұрынғыға қарағанда біраз тіл сындырғанға ұқсайсыз. Қазақ тілін қалай үйреніп жүрсіз?
– Маған жаны ашитын қазақ көп. Маған әрдайым осындай жақсы сөзді, тілекті айтып жатса, қанатым өсіп қалады та. Қазақтармен қазақша сөйлесуге тырысамын.
– Мерейім өседі деңіз.
– Иә, мерейім өседі.
– Өзіңіздің қазақшаңызға қандай баға қоясыз?
– Баяғыда қойдым ғой енді. (Бұрын экс-депутат Т.Бер­діоңғаров өзінің шала қазақ­шасын «4» деп бағалап, Б.Сыз­дықова өтірік «ұялған» кез­де Нұрлан өз қазақшасын тым тө­мен бағалап, мойындаған еді).
– Жақсы. Еңбегіңіз жемісті болсын!
– Маған осындай жақсы сөз айтып жатса мен одан да қатты тырысып жатам да.

Дайындаған
Д.ІЗТІЛЕУ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.