Тегі бірдің тілі ортақ

Елордада Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел «Тегі бірдің тілі ортақ» деп аталады. Оған Халықаралық түркі академиясының президенті, профессор Ш.Ыбыраев, жазушы Т.Әбдік, профессор Д.Қамзабек, белгілі журналист С.Шүкірұлы және этно-мәдени орталықтардың басшылары қатысып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде түркі тілдес халықтардың ынтымағын нығайтуға байланысты ойларын ортаға салды.Халықаралық түркі академиясының президенті Шәкір Ыбыраевтың пікірінше, мемлекеттік тіліміздің мәртебесіне, ол тілде сөйлейтін ұлттарға қатысты айтқанда көп жағдайда саясаткерлеріміз қазақ тіліне туыс тілдерді, басқа халықтардың тілін көп есепке алмайды екен. Іс жүзінде қазақ тілін білетіндер тек қазақ ұлтынан емес, туыстас халықтың өкілдері де осы тілді білетін өкілдер деуге толық негіз бар екен. «Мемлекеттік тілде сөйлеушілердің санын неғұрлым төмендете беру мемлекеттік тілге пайда беретін құбылыс емес. Сан өлшемінде «егер де белгілі бір дәре­жеде үлес салмағы елу пайыздан асатын болса, ол үдерістің жүз пайызға дейін көтерілуі тездеп жүреді» деген қағида бар. Ал енді елу пайыздан төмен, «тоқтап тұр, жүрмейді» дей беретін болсақ, ол сол қалпында төмендейді немесе елу пайыздан асып кете алмайды», – дейді ол.
«Жаһандану кезеңінде, кей ғалымдардың айтуына қарағанда, бүкіл ұлттық ерекшелік­тер: салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың барлығы жоға­лады екен. Бұған белгілі бір дәрежеде келісуге болады. Әлемдегі халықтар осындай жаһан­дану үрдісіне түскеннен кейін бәрібір белгілі бір әдет-ғұрыппен, белгілі бір этни­калық қарым-қатынаспен жүріп тұрады. Осыған қазақ, өзбек, қырғыз, түрік болып жеке-жеке келетін болсақ, бәлкім осы жерде біздің дау­сымыз шықпай да көрінбей де қалуы мүмкін. Егер түркілік үлкен бір тұтас өркениет аясында осы үрдіске араласатын болсақ, онда біз жаһанданудың ішіндегі үлкен бір бөлігінде басымдық көрсете алар едік» деп сөзін қорытты Шәкір Ыбыраев

Бейбітгүл Исаева

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.