ырыс алды – ынтымақ

982Қалыптасқан дәстүрге сай биыл да 1 мамыр мерекесі еліміздің жер-жерінде тойланып өтті. биыл да 1 мамыр мерекесі еліміздің жер-жерінде тойланып өтті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолы ат басын Алматыға тіреді. Мереке күні қала халқымен бірге болды. Жұртшылық алдында сөз сөйлеп, алматылықтарды, барша Қазақстан жұртшылығын Мамыр мерекесімен құттықтады.
Елбасының сөзінен аңғарылғандай, қазір Қазақстан бүкіл дүниежүзіне танымал әйгілі мемлекетке айналды. Экономикамыз өркен жайып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. «Шығыс барыс­тарымыз» дейтін әлемге танымал мемлекеттердің қатарына қосылыппыз. Былтырғы жылы олардың өзін соңымызға қалдырып, жан басына шаққанда 11 мың доллардан артық табысы бар іргелі ел болыппыз.

Аузымызды толтырып айтатын бұл жетістікке жетудің сыры неде? Әрине, елдегі бірлік пен татулықтың қосқан үлесі өте зор. Мұны мемлекет басшысы да өз сөзінде шегелеп айтты. «Қазақстан халқының бірлігі күнінде» Елбасы қазақтың бірлігіне де айрықша тоқталды. Рас, еліміздің гүлденіп, одан әрі өркендеуі осы бірлікке көп байланысты. Қазақстанның күшті мемлекет болуына, ең алдымен, қазақтың өзі мүдделі болуы қажет.
– Біз әр алуан мәдени және тілдік қатынастардың алауыздық пен араздыққа себеп бола алмайтынын күллі әлемге көрсеттік. Керісінше, бұл – біздің маңызды стратегиялық даму ресурсымыз, – деді Н.Назарбаев.
Бірлігіміз жараса бергей! Қазақ еліне деген сүйіспеншілік сезімі осы мемлекетте тіршілік етіп жатқан барша отандастарымыздың бойында атойлап тұрғай деп тілейік.

Нұркен ЖАНДӘУЛЕТҰЛЫ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.