Қыздар университеті оқуға шақырады

1944 жылы Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институты ашылды. Бұл алыстағы қазақ ауылдарындағы қазақ қыздарының білім алуына мемлекет тарапынан жасалған қамқорлық болатын. Бүгінгі күні қыздар педагогикалық институты – өзінің 68-жылдығы қарсаңында материалдық-техникалық базасы мықты еліміздегі беделді білім-ғылым ордаларының қатарынан орын алып отыр. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін институттан білім алуға ұмтылған қыздарымыздың саны арта түсті. Жақын және алыс шетелдерден де (Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Түркия) оқуға тілек білдірушілер жыл сайын көбейе түсуде. Мұның басты себептері төмендегі жағдайлардан туындаса керек. Институт 2008 жылдан бастап университет атағына ие болды. Университетте 6 факультет жұмыс істейді. Олар: филология, жаратылыс­тану, әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, педагогика және психология, өнер және мәдениет, физика-математика факультеті. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Университет кітапханасы мол кітап қорымен жабдықталған және Интернет жүйесіне қосылған компьютер кластарымен қатар, аудио, видео, лингофон кабинеттері жұмыс істейді. Университетке мемлекеттік тапсырыс бойынша білім грантымен оқуға түскен студенттер тегін жатақханамен, стипендиямен және үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. Білім алу формасы күндізгі және сырттай бөлімінде жүргізіледі. Студенттерге компьютерді жан-жақты меңгеруге, спортпен айналысуға, тегін медициналық қызмет алуға және т.б. жағдайлар жасалынған. Оқу мерзімі – орта біліммен 4 жыл, орта кәсіптік біліммен 3 жыл, жоғары біліммен 2 жыл.
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагоги­калық университеті бүгінгі нарық заманының сұраныстарына, талаптарына, заңдылықтарына сай келетін мамандықтарды даярлауды да қолға алып отыр. Адамның қоршаған ортаға, қоғамға көзқарасының өзгеруі, оның өзіне деген талабының жауапкершілігінің артуы – бүгінгі заманның көкейкесті мәселелері. Осы тұрғыдан келсек, университетте «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасында 2002 жылдан бас­тап ашылған әлеуметтану (социология) және әлеуметтік жұмыс (социальная работа) мамандығының қыр-сырларын меңгеру талапкерлер тарапынан үлкен қызығушылықтар тудыруда. Себебі қоғам құрылымының динамикалық өзгеруі еліміздің ішкі саясатының қалыптасу бағыттарына әсер ететіндіктен, қазіргі уақытта әртүрлі одақтар мен ұйымдар тарапынан, осы мамандық иелеріне сұраныстар көбеюде.
«5В050100 – Әлеуметтану» маман­дығын бітіріп шыққан түлектер «Әлеу­меттану бакалавры» академиялық дәре­жесін алып мына мемлекеттік, бюд­жеттік салаларда жұмыс атқара алады:
Мемлекеттік құрылымдарда социолог-сарапшы;
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі департаменттерінде, әкімшілікте әлеуметтік қызметкер;
Әлеуметтік қорғау және еңбек депар­таментінде маман;
Әкімшіліктің әлеуметтік бөлімдерінде маман, басшы;
Әлеуметтік қызметтің басшысы;
Демография және миграция бөлімдерінде демограф;
«5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығын бітіріп шыққан түлектер «Әлеуметтік жұмыс бакалавры» академиялық дә­режесін алып, мына мемлекеттік, бюд­жеттік салаларда жұмыс атқара алады:
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі департаменттерінде, әлеуметтік қызметкер (халыққа әлеуметтік қызмет көрсету);
Pudlic Relations (БАҚ: газет, журнал, теледидар, радио т.б.);
Диагностикалық;
Әлеуметтік-реабилитация;
Әлеуметтік-профилактикалық;
Консультациялық;
Әлеуметтік-терапевтік;
Әлеуметтік-тұрмыстық;
Әлеуметтік-педагогикалық;
Әлеуметтік қызмет көрсету;
Әлеуметтік-медициналық;
Ұйымдастырушылық-басқару;
Әлеуметтік-болжаушылық;
Оқу-зерттеу;
Ақпараттық-коммуникативтік;
Орта оқу орындарында коғамдык және әлеуметтік пәндердің оқытушысы болып қызмет атқара алады.
Университетте жоғары дәрежелі кәсіби ғалым-педагогтар мен тәжірибелі мамандар дәріс береді. Қазақ қыздарының терең білім алуына, оларға жан-жақты қамқорлық жасап жанашырлық танытуда университет ректоры Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы үлкен еңбек сіңіруде.
Міне, осы айтылған қысқаша мәлі­мет­тердің өзі-ақ, қазақ қыздарының біздің оқу ор­дамызға келіп, оқуға, білімге деген ынтасы мен жігерін оятуға негіз бола алады деп ойлаймыз.

Қазақ мемлекеттік Қыздар
педагогикалық университетінің
«Қоғамдық-гуманитарлық пәндер»
кафедрасы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.