Редакция

 

«Ана тілі» газеті

Нұрперзент Домбай – «Ана тілі» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары.

1958 жылы туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолын бұрынғы Жезқазған облысы Ұлытау аудандық «Ұлытау өңірі» газетінде бастады. Жезқазған облыстық газетінде бөлім меңгерушісі, аймақтық газеттің редакторы, «Егемен Қазақстанның» меншікті тілшісі қызметтерін атқарды. 2008 жылдан «Ана тілі» газетінде қызмет етіп келеді.

Қаламгер екі өлеңдер жинағының, жеті деректі шығармалар кітабының авторы.

Н.Домбай – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Ақпарат саласының үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері

 

 

Қарагөз Сімәділ – «Ана тілі» газеті Бас редакторының  орынбасары.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін, сол университеттің философия және саясаттану факультетінің магистратурасын бітірген. «Парасат» журналында, Қазақ радиосында, «Қазақ әдебиеті» газетінде, Ұлттық аударма бюросында қызмет еткен.

2019 жылдан «Ана тілі» газетінің «Тіл мәселелері және этнография» бөлімінің редакторы.

2020 жылдан Бас редактордың орынбасары.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

 

 

 

Бағдагүл Мұратқызы Балаубаева

1969 жылы 1 қаңтарда туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

2000 жылдан бері «Ана тілі» ұлт газетінде жұмыс істейді, қазір Әлеуметтік мәселелер және ақпарат бөлімінің редакторы. Журналистер одағының мүшесі.

2013 жылы Алматы қаласы әкімдігінің Баспасөз күніне орай ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты қалалық байқауында «Баспасөздегі үздік журналист» номинациясын иеленген. «Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл» төсбелгісімен, баспасөзге сіңірген ұзақ жылғы еңбегі үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Құрмет» грамотасы мен т.б. бірнеше Алғыс хаттармен марапатталған.

 

Қуатова Ақбота Мұсабекқызы – журналист.

2013 жылы А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың журналистика мамандығын, 2017 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика магистратурасын бітірген.

«Таң», «Хабар», «Muzzone» телеарналарында қызмет еткен.

2018 жылдан бері «Ана тілі» газеті «Білім, ғылым және мәдениет» бөлімінің редакторы.