Басшылық

Бас редактор
Жанарбек Садыханұлы ӘШІМЖАН

Жанарбек Әшімжан 1976 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында туған.

1999 жылы әлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы туындылары аудандық «Хантәңірі», облыстық «Жетісу» басылымдарында жарық көрген.

1996–1999 жж. қалалық «Алматы ақшамы» газетінде тілші, 2000 жылы «Қазақстан» журналында бөлім редакторы қызметтерін атқарған.

2000–2005 жж. республикалық «Жас Алаш» газетінде бөлім меңгерушісі, 2005–2008 жж. республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары болып қызмет еткен.

2008 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Простор», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «ҚаламгерМедиа» орталығының директоры қызметін атқаруда.

2002 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері. Түркістан қаласында өткен Өмірбай Сәуірбаевқа арналған республикалық жыр мүшәйрасының І жүлдегері, «ТұранӘлемБанкі» ұйымдастырған республикалық жыр бәйгесінің, «Бір өлең – бір әлем» атты халықаралық жыр мүшәйрасының бас жүлдегері. ӘлФараби атындағы ҚазҰУ ректорының «Журналистикаға сіңірген еңбегі үшін» арнайы медалімен марапатталған. Өлеңдері 2004 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген «Жас ақындар антологиясына» енген. Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы республикалық жас қаламгерлер кеңесінің төрағасы.