Газет туралы

«Ана тілі» ұлт газеті

Алғаш жарық көруі: Республикалық «Ана тілі» газеті тәуелсіздіктің жылымығы есе бастаған 1990 жылы, Ұлыстың ұлы күні наурыздың 22-сінде жарық көрді.
Бағыты: «Ана тілі» – Мемлекеттік тілдің бірден-бір жоқшысы, үні айбары. Республикадағы тіл тақырыбында шығатын ресми жалғыз басылым.
«Ана тілі» тек Мемлекеттік тіл ғана емес, ұлтқа қатысты кез келген күрмеулі мәселелерді көтеріп келеді. Қазақтың тілі, қазақтың ауылы, қазақ мектебі, балабақшасы, қазақ жастары, қазақ ғылымы, т.б. көптеген тақырыптар басылым беттерінен түсіп көрген емес.
Таралымы: Ұлт мүддесін бірінші орынға қоятын газеттің 90-жылдардағы таралымы 100 мыңнан асып жығылады. Бүгінгі таңда газеттің 26 000-дай оқырманы бар, төрт түрлі түспен, 12 бет А2 форматпен басылуда.
Алған марапаттары: 2005 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен, бірнеше мәрте Ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен, арнаулы дипломдарымен, әртүрлі бәйгелердің бас жүлделерімен марапатталуы – осының айғағы. 2006 жылдың 11 мамырдағы нөміріне басылымның Бас редакторына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп арнайы сұхбат беруі республика жұртшылығы тарапынан тағдыры күрмеулі мемлекеттік тілдің, сондай-ақ, «Ана тілінің» жеңісі ретінде бағаланды.
Бас редакторлар туралы: 1990-97 жылдар аралығында басылымның Бас редакторы бедгілі қаламгер Жарылқап Бейсенбайұлы болса, 1997-2006 жылдарда белгілі жазушы, Президент сыйлығының иегері Мереке Құлкенов, 2006 жылдың тамызынан желтоқсан айына дейін ҚР Президенті сыйлығының иегері, саяси ғылымдар кандидаты Жұмабек Кенжалин, 2006 жылдың қараша айынан 2009 жылдың наурызына дейін филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат басқарды.
2009 жылдың наурызынан қазірге дейін жазушы-журналист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Самат Ибраим басқарып келеді.