• Тіл
  • 04 Сәуір, 2013

Мемлекеттік тілді қолдау ұдайы назарымызда

Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Министрге үш сауал 1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілгендей 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс. Осы талапты орындауда Сіз басшылық жасайтын министрлік құрылымдарында қандай шаралар қолға алынды? 2. Елбасының биылғы Жолдауындағы қазақ тілін жоғарыда атап өтілген мерзім ішінде білуге байланысты қазақстандықтар алдына қойып отырған жауапты міндетті жүзеге асырудың басты тетігі саналатын «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыруда нақты қандай жұмыстар атқарылуда? 3. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде не кедергі болып отыр деп ойлайсыз? 1. Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев­тың 2012 жылғы 14-желтоқсандағы «Қазақ­стан – 2050» Стратегиясы – қалыптас­қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 па­йызы қазақ тілін білуге тиіс...» делінген. Елбасының жоғарыда аталған тапсырмасын орындау барысында Қазақстан Рес­публикасы Көлік және коммуникация министрлігінде (бұдан әрі Министрлік) мемлекеттік тілді енгізу және дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жат­қанын атап өтуге болады. Атап айтқанда, ми­­нистрлік пен көлік-коммуникация кешені 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап ісқа­ғаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшті. Министрлікте 2008 жылы Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы құрылды. Қазіргі таң­да Басқармада штат бойынша 4 қызмет­кер жұмыс істейді. Басқар­маның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы және Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының талаптарын орындау барысында жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жіберілетін мемлекеттік тілдегі хаттар мен өзге де құжаттарды редакциялау, мемлекеттік және ресми тілдердегі мәтіндердің тең түпнұсқалығын тексеру, мемлекеттік тілде әзірленетін нормативтік құқықтық актілерді сараптамадан өткізу, министрлік қызметінің салалары бойынша терминологияны жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар министрліктің орталық аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында мемлекеттік тілді оқыту курсы мен семинар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру сияқты көптеген жұмыстарды атқарады. Министрлік пен көлік-коммуникация кешені 2008 жылдан бастап ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізіп келе жатқан­дығын алдында атап өттім. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімші­лігінің 2010 жылғы мониторингі бойынша Көлік және коммуникация министрлігі 95,6 пайыз мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттар санымен орталық мемлекеттік органдардың алғашқы үштігі қатарына енді. Бұл жерде ескеретін бір жайт, жалпы министрліктен сыртқа жіберілетін ресми хаттар түгелдей мемлекеттік тілде ресімделген. Тек шетелдік компаниялар мен шет мемлекеттерге жіберілетін хаттар басқа тілдерде дайындалады. Ал 2012 жылы министрліктегі ауқымды құрылымдық өзгерістерге байланысты іс жүргізудегі құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлес салмағы 84,9%-ды құрады. Алдағы уақытта құжат айналымның мемлекеттік тілдегі үлес салмағын жүз пайызға жеткізу үшін барлық мүмкіндік жасалуда. Министрліктің орталық аппараты­ның қызметкерлеріне жыл сайын мемлекеттік тілді оқыту курсы ұйым­дас­­тырылып тұрады. 2013 жылы 80 қыз­мет­керді оқыту жоспарлануда. Қазақ тілі ка­бинеті қажетті құралдармен, стендтермен жабдықталған, интернет желісі қосыл­ған және безендіру мақсатында «Алаштың аманаты», «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік нышан», «Зат есімнің жалғаулары», «Етістіктің шақтары (Время глагола)» стендтері орнатылды. Министрліктің және аумақтық органдардың қызметкерлеріне арналған мемлекеттік тілді насихаттау мақсатындағы семинарлар жыл сайын өтеді. Министрлік қызметкерлерінің жұмыс компьютерлеріне қазақша-орысша, орысша-қазақша электрондық сөз­дік­тер орнатылған. Қызметкерлер бұл электрон­дық сөздіктердің екіжақты пайдасын көруде. Біріншіден, ресми құжат дайындау кезінде өзіне қажетті сөздерді аударып ала алады, екіншіден, қазақ тілін үйрену үшін сөздерді жаттауына мүмкіндік бар. Жалпы Елбасының 2025 жылға қарай 95 пайызға қазақ тілін меңгеру туралы тапсырмасы көлік-коммуникация кешені мен ақпараттық-коммуникациялық саласында толығымен орындаларына кәміл сенеміз. 2. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 2011 жылғы 29-маусымдағы №110 Жарлығын және Үкіметтің №878 қаулысын орындау мақ­сатында министрлікте 2012-2013 жыл­дарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазіргі уақытта аталған жоспар бойын­ша мемлекеттік тілді оқыту курсы, мемлекеттік тілдегі хаттар мен нормативтік құқықтық актілерді редакциялау және сараптамадан өткізу, құрылымдық бөлімшелерге тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету, министрлік қызметкерлерін қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктермен, кітаптармен, әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да шаралар өткізу, министрліктің қызметі саласында терминологияны жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге бақылау жүргізуге қатысу және практикалық көмек көрсету, республикалық жолдарда паннолар мен ақпараттық-көрсеткіштік жол белгілерінде мемлекеттік тілді енгізу, вокзалдарда пойыздар қозғалысының кестесі мен ақпараттарын мемлекеттік тілде ресімдеуге бақылау жүргізуге қатысу, авиа, авто және темір жол вокзал, станция, порттарда қызмет көрсетуші персоналдың қызмет көрсету барысында мемлекеттік тілді қолдануына бақылау жүргізуге қатысу, мемлекеттік тілді дамытуды насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу сияқты нақты шаралар көзделген. Министрлікте 2011 жылы «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Берекелі 20 белес» іс-шаралар жос­пары әзірленді. Нау­рыз мейрамы қарсаңын­да министрліктің құрылымдық бөлім­шелерінің қатысуымен «қазақша КВН», «Қазаэронавигация» РМК-да «Армысың, әз-Наурыз!» мәдени шарасы, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-да «Біз өзіміздің бірлігіміз бен ұлттық келісіміміз арқылы күштіміз», «Қазақтан темір жолы» ҰК» АҚ-да «Тәуелсіздік, мемлекеттік тіл, жастар» дөңгелек үстелдері, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-да «Тәуелсіздік және тіл» семинары, «Кеме қатынасының тіркелімі» ММ-де «Тіл – көненің көзі, бабалар сөзі» конкурсы, сондай-ақ «Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметте қолдану мәселесі» және «Тіл саясатының өңірдегі нақты қадамдары» семинарлары өтті. 2010-2011 жылдары министрлікке қарасты «Қазақстан Темір Жолы» ұлт­тық компаниясы» акционерлік қоға­мының «Жолаушылар тасымалы» мен «Әскерилендірілген күзет қызметі», «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты», «Астана халықаралық әуежайы» мекемелерінде тек мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарымен айналысатын бөлімдер ашылды. Жалпы министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында мемлекеттік тілді енгізу және дамыту жұмыстары вертикальды түрде жүйелі жолға қойылған. Министрлікте салалық терминологияны жетілдіру мақсатында бірыңғай терминологияны әзірлеу жөнін­дегі жұмыс тобы өз жұмысын жасауда. Тер­миндерді біріздендіру мәселесі бойынша 2012 жылы Мемлекеттік терминология комиссиясының талқылауына «Қазақтелеком» АҚ мен «Қазтелерадио» АҚ терминдер жинағының, сонымен бірге ақпараттық технологиялар саласына арналған сөздіктің жобалары ұсынылып, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инс­титутынан сараптамадан өткізіліп, оң баға берілген. Қазіргі таңда, ағымдағы жылғы Мемтерминкомның кезекті отырысында аталған сөздік жобаларын қарау жоспарлануда. Министрліктің жауапты хатшысы бекіткен Көлік-коммуникация кешенінің ұйымдары мен кәсіпорындарында 2012 жылы мемлекеттік тілді енгізудің жай-күйімен танысу кестесінің негізінде министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу жұмыстарын тексеру шаралары жүргізілді. Жалпы ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары туралы Жауапты хатшының алдында есеп беру шаралары жыл сайын жүргізіледі. Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру мақсатында сынамалық түрде Ұлттық тестілеу орталығының ҚАЗТЕСТ жүйесіне Министрліктің 67 мемлекеттік қызметшісі қатысып, тесттің қорытындысы жақсы нәтиже көрсетті. Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының орындалуын қадағалау мақсатында 2013 жылғы 21, 22, 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комите­ті­нің қызметкерлері тексеру жүргізді. Тексерудің қорытындысы бойынша министрліктегі мемлекеттік тілді енгізу және дамытуға арналған жұмыстарына 5 балл берілді. Тексе­рушілердің айтуынша, министрліктің мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары өзге мемлекеттік органдарға үлгі ретінде көрсетуге лайық деген баға берілді. 3. Ұлттық терминология мәселесін дұрыс жолға қою керек деп ойлаймын. Мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді біріздендіру үшін барлық сүзгіден өткен терминдер жинағын сөздік ретінде шығарып, мемлекеттік органдарда және басқа да салаларда іс жүргізу жұмыстарына ықпалдастыру қажет. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге байланысты айтарлықтай кедергілер жоқ деуімізге болады. Өйткені елімізде мемлекеттік тілдің кез келген салада кеңінен қолданылуына барлық мүмкіндік жасалған. Тек азаматтардың жеке жауапкершілігін күшейту қажет секілді. Министрлік қызметкерлеріне мемлекеттік тілді меңгеру үшін тегін оқыту курсы ұйымдастырылған. Оған республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп тұрады. Тілді меңгеруге мемлекеттік қызметшінің жеке басының азаматтық жауапкершілігі болуы керек.

3682 рет

көрсетілді

4

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы