• Тіл
  • 04 Сәуір, 2013

Маған тілді үйрену үшін орта керек

Мейрам БЕГЕНТАЕВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әдетте мемлекеттік тіл туралы Парламенттің биік мінберлерінен мәселе қозғалғанда қазақ тіліне шорқақ депутаттарымыз талқыға түскен мәселеге ой қоспай, көбінесе үнсіз қалып жатады. Мемлекеттік тілді білмегеніне еш қымсынбастан жүре беретін сондай депутаттарымызды әңгімеге тарту мақсатымен жолыққанымызда олардың арасында бізден ат-тондарын ала қашатындары да бар. Мәселен, Парламент Мәжілісінің мінберінде орыс тілінде сайрап отыратын Мұхтар Тінікеев газетіміздің атын естіген бойда-ақ: «Кешірініз, мен казакша сойлей алмаймын» деп әңгімелесуден бас тартты. Бұдан соң назарымызға «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының атынан сайланған халық қалаулысы Мейрам Мұхаметрақымұлы Бегентаев ілікті. Мейрам Мұхаметрақымұлы да өз қызметінде орыс тіліне иек артатын халық қалаулыларының бірі. Әңгімеміз салған жерден әдеттегідей «қазақша сөйлейсіз бе?» деген сауалмен басталды. – Сойлей аламын. Бірақ мен кішкене ынғайсыз болад қазақша сөйлеуге, қазір әлі де. – Қазақ тілін енді үйреніп жүрсіз бе? – Үйреніп жүрмін. – Қанша уақыт болды үйренгеніңізге? – Екі жыл болды. Бірақ бізге тілді үйрену үшін осындай орта керек. Озініз білесіз далаға шықанда көбісі қай тілде сойлейді, орыс тілінде. Ол неге десеніз, ақпарат орыс тілінде көп. Теледидар көп түнде болад. Қазақ тілінде газеттер оқылмайды. Неге десеніз қызық емес. – Қызықтыру үшін не істеу керек сонда? – Қызық нәрсені көрсету керек. Көркем фильмдер жүз пайыз орыс тілінде. Киноға бәріміз бір аптада бір-екі рет қана барамыз. Орыс тілінде қызықты деректі фильмдер, көркем фильмдер. Ол біздің өміріміз ғой. Осында бағдарлама бар «Балапан» деген. Біздін балаларымыз екі жасқа дейін сол Балапанды көред. Екіден асқасын сол Балапанды көрмейді. Неге десеніз қызық емес. Бізде сөздіктер бар, онлайн сөздіктер. Тек қана қазақ тілінде sozdik.kz деген сөздік бар. Ал орыс, ағылшын тілдеріндегі сөздік содан да коп. Онлайн жоқ. Онлайн білесіз бе неге жоқ. Ол ақша арқылы. Онлайн болса мен sozdik.kz-ті монитормен тартып алам, сонан кейін ақша толемейм. А бізге қайта қайта ғаламторға шығу керек, ол ақша жейді. – Сонда сіз көбіне сөздік арқылы жұмыс істейсіз бе? – Ия, создікпен.Турасын айтқанда бізге орта керек. Орта болса бір-бірімен сойлескенде...озініз білесіз менде акцент бар. Не істеймін енді? Не істеймін енді акцент бар болса? – Орта керек болса, неге қазақтілді депутаттармен көп аралас­пайсыз? – Араласам, әрине. Мен бес жасқа дейін аке-шешем мені ата-әжеме бере салды. Сол кезінде мен тек қана қазақ тілінде сойледім. Бір да соз орыс тілінде білген жоқпын. Балабақшаға мені беріп, сол балабақшадан бастап мектепте, далада, ауылда там менде қасында бірде кісі қазақ тілінде сойлеген болған жоқ. Мен Павлодар облысынын Вознесенко деген ауданынан болам. Сол ауданда бір қазақ жанұя болған жоқ сойлесетін. Бүкіл орыстар, немістер, бір татар болған. Біз бір ауылда бір-ақ қазақ отбасы болдық. Қалай сойлеймін енді. Әке-шешем десеніз олар жумыс­та. Тунде келед, тәнертен кетед. Мен сол кезінде жалғыз бала болатынмын. Кіммен сойлейм? Мен айттым ғой маған орта керек. Орта жоқ болса тіл дамытпайды. Орта ол жұмыспен, әріптестермен, достармен байланысты емес. Мен айттым ғой көркем фильм­дер, қызықты нәрсемен, далаға шыққанда сойлескен де. Мен кеше Талдықорғанға барып келдім. Маған қызықты болғаны бүкіл халық қазақ тілінде сөйлейд. Ал басқа облысқа барса, біздін Астанамыз, біздін суйікті Астанамыз, далаға қазыр шығыныз қай тілде сойлейсіз? – Орыс тілінде сөйлейсіз ғой? – Озініз айттыныз. – Мен өзім қазақша сөйлесем. Сіздерді айтып жатырмын «орыс тілінде сөйлейсіз ғой?» деп. Сіз енді орыстілдісіз, дүкенге барғанда қай тілде сөйлесесіз? – Мен қазақ тілінде сойлеймін. Тілді білу үшін қазақтын дастүрін білу керек. Екіншіден, ұлттық тарбие керек, салт-дәстүрді білу керек. Маған неге ынғайсыз болатын, баяғында орта жоқ болатын. Бірағында менім қаным қазақ. Таза қазақ қаным. Бәрібір тартып алад. Дәстүрім жақсы білем. – Жақсы екен, отбасында қай тілде сөйлесесіздер? – Қазақ тілінде. Балалар қазақ мектебінде. Үлкеніміз ­Назарбаев интеллектуалдық мектебінде төртінші сыныпта оқиды. Кіші балаларым балабақшаға барады. Қазақтілді балабақшаға. Бейбітгүл ӘБДІҒАППАРҚЫЗЫ, АСТАНА

6407 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы