• Руханият
  • 18 Сәуір, 2013

Жас оқырмандармен кездесу

Таяуда Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы мен Қазақстан баспагерлері және кітаптаратушылар ассоциациясы «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясымен бірлесіп VII Халықаралық «Ұлы Жібек жолымен» деген тақырыпта кітап және полиграфия көрмесін өткізгені белгілі.

Осыған орай, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Алматыдағы 7 аудан мектептері мен жоғары оқу орындарында қырыққа жуық ақын-жазушылармен әдеби кездесулер өткізілді. Айтыс ақыны Б.Атыханұлы атындағы №36 мектеп гимназияда «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек ­Кенжалин мен «Ана тілі» газетінің бас редакторы Самат Ибраим жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Кездесуді «Нұр-Отан» ХДП-ның Жас Отан Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Ғалинұр Жаңабердиев жүргізіп отырды. Кездесу барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Ж.Кенжалин мен С.Ибраим VII Халықаралық «Ұлы Жібек жолымен» атты кітап және полиграфия көрмесінің маңыздылығына тоқтала келіп, баспа ісіне ерекше көңіл бөлді.

Жас оқырмандармен кездесуЕліміз тәуелсіздік алғаннан бері баспалардың саны жылдан-жылға артып келе жатқаны, олардың жаңа технологиямен қамтылып, баспа өнімдерінің жоғары сапаға ие болғаны жөнінде айтылды. Бүгінгі таңда жастарға тәрбие беруде кітаптың орны ерекше екендігі туралы сөз қозғалды. Кеште жоғары сынып оқушылары әдебиет, баспасөз жөнінде өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Ал мектеп директоры Ақмарал Ақсерікова осы жылы күзде бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстыра отырып «Жас тілшілер үйірмесі» деген тақырыпта кеш ұйымдастыру жоспарда бар екендігін айтып өтті. Кітапханашы Ғайша Садырова болса қазақ классиктерінің шығармаларының әрқайсысы кем дегенде мектеп кітапханасында бес-бестен болуы керектігін тілге тиек етті. Жас оқырмандар рухани құндылықтар туралы ойларын айтты. Нұрлан ҚҰМАР  

3887 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы