• Әдебиет
  • 25 Сәуір, 2013

Шәңгерей. Біздің де қайран дүние...

Құйрық атып құлия, Түлкідей қашқан жымия. Қараңды үзіп барасың Біздің де қайран дүние! Көп жылдар қудым артыңнан, Лашындай сызып жер қия. Бірде шығып шарыққа Бірде сарықтым тұңғия. Күнім базар, түнім той, Замандас-жаран жиылып, Зауық, сапа, өне бой, Шат-шадыман күндерім. Демедім бастан өтер ғой, Дәурен өтіп, жас жетіп, Замандас құрбы адамдар Азайып келіп ол бітті, Көрген түстей бәрі де Көзімнен болды зым-зия. Шағалалы көлдер шалқыған, Күмістей жүзі балқыған, У-шу болып құстары, Қаз, үйрегі қалқыған. Суына жылқы жабылса, Шуақтап жатқан көп балық Судың бетін үйіріп, Тереңге қарай бұлқыған. Судың бетін жел есіп, Кесе-кесе жалданса Иіндесіп, тіресіп, Көбіктеніп толқыған. Сондай бір көл суалса, Бұлағы кеуіп құм алса, Ақыры оның не болар? Тарақтап айбар ту сыртын, Аятпен қозғап жақ-ұртын, Ауандап жүрген нән балық Басы соғып қайранға, Ит пен құсқа жем болар! Зауалы ауған айдын көл Қара жермен тең болар! Бұтағы көкке қараған, Жапырағы жайқалып. Тамыры жерге тараған Бәйтеректер қуарса, Мұнарланып, буланып, Әуелгідей көрінбес Жолаушыға қиядан. Қаршығасы шаңқылдап, Лашын құсы қаңқылдап, Басынан оның ұшар ма, Мамығын төккен ұядан?! Күні өткен бәйтерек, Желмен құлар әлсіреп, Іріп-шіріп жатумен О да қара жер болар. Заманы өтсе жастағы, Сонда білер кей адам Лауықта маңдайына жазғанын.

1853 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы