• Тіл
  • 27 Маусым, 2013

Құмық тілі

Құмық тілі – XVII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми еңбектерде татар (сол кездегі терминология бойынша), яғни түркі тілінің кавказдық наречиесі (диалекті) деп аталды. «Құмық» этнонимінің шығу тегі әзірге анықталмаған. Көптеген зерттеушілер оны «кимак» терминімен – ІХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасқан түркі тайпа­лары бірлестігінің атауымен теңестіреді. Құмықтар Дағыстан Респуб­ли­касында, Солтүстік Осетияда, Шешен және Ингуш Республикаларында тұрады. Құмық тілінде бес диалект бар: хасавюрт, бұйнақ, қайтақ, таулы және тер. Олар аймақтық диалектілер болып есептеледі, себебі олардың шекарасы бұрынғы феодалдық және аймақтық-әкімшілік шекарасымен сәйкес келеді. Құмық тілінде – араб, парсы, кавказ (негізінен даргин, авар және шешен) және орыс тілдерінен енген сөздер кездеседі. Нақты айтар болсақ, араб тілінен енген сөздер негізінен қоғамдық-саяси, мәдени және діни салаларға жатады (жамият «қоғам», китап «кітап», дин «дін»). Иран сөздері құрамында саудамен, қолөнер, қоғамдық қатынастардың түрлі жақтарымен, тұрмыстық қажеттерге байланысты сөздер көбірек кездеседі (савдюгер «саудагер», шайы «бақыр», дарай «төсек», дос «дос», каманча «ысқымен ойналатын музыкалық аспап», тахча «сөре, полка»). Орыс тілі­нен енген сөздердің ішінде негізінен тұр­­­мыстық және әкім­шілік лекси­касы саласына ерте кезде енген сөз­дер (педире «бедіре, шелек», сумавар «самаурын», кансарал «кеңсе») және қоғамдық-саяси терминдерден шаруа­шылық, мәдениет, ғылым, техника дамуын бейнелейтін ұлтаралық сөздерден тұратын кеңестік дәуірде пайда болған кейін енген сөздер кездеседі. «Түркі тілдері» кітабының негізінде дайындаған Д.ТӨЛЕБАЕВ

6910 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы