• Қоғам
  • 27 Маусым, 2013

Қызметкер емтихан тапсырады

Халыққа қызмет көрсету орталығының Алматы қаласы бойынша бөлімшесінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге орай жұмысқа жаңадан қабылданатын қызметкерлерден мемлекеттік тілді білу дәрежесін анықтайтын емтихан алынады. Емтиханның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің дәрежесін биіктете түсуге бағытталып отыр. Мекемедегі әрбір маман иесі халықпен тығыз жұмыс жасайтын болған соң, олардың мемлекеттік тілді жетік әрі сауатты деңгейде білуі маңызды мәселе. Ал мемлекеттік тілді меңгеріп үлгермеген қызмет­керлер болса, оларға тіл үйрету сабақтары жүргізіледі. Мекемеде сонымен қатар шығыс құжаттарының мемлекеттік тілде ресімделуін қамтамасыз ету, ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу, бөлім қызметкерлерінің жұмыс барысында халықпен қазақ тілінде қарым-қатынас жасауын жетілдіру мақсатында арнайы семинарлар мен дәрістер оқылады. Мұның барлығы мемлекеттік тілдің дамуына атсалысу бағытында ұйымдастырылып отырғанын атап өткім келеді. Жаңыл Әпетова, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы бойынша филиалының маманы

3187 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы