• Әдебиет
  • 27 Маусым, 2013

Замананың жаршысы

Журналистер халқымның жанашыры, Өзгелерден ерекше, дара сыны. Елмен бірге өтеді уақыты, Таныс оған тау, өзен, дала сыры. Журналистер тілінен бал тамызар, Сөйлеп кетсе ортада алқа қызар. Өрнектеген өмірді қиялымен Олар – тілші, ол – ақын арқасы бар. Журналистер шындықтың шымырлары, Әділдіктің бұлтартпас мығымдары. Байтұрсынов, Дулатов, Әлихан боп, Алашымның ақ туы жығылмады. Арман көгі көксеген Ұлы елімнің, Түкпірінде тұрады жүрегіңнің. Таңдадың да қаламды қалауыңмен, Адал өмір әрқашан сүре білдің. Қаймықпаған батырсың сұрапылда, Бейбітшілік – ең асыл мұратың да. Жазуды «Жауынгерлік беттен» бастап, Айналғансың Қасымдай ұлы ақынға. Жолдар, жолдар... Сапардан жалықпайды, Мәселенің мәнісін анықтайды. Бағасын Тәуелсіздік деген сөздің Парасатпен, ақылмен парықтайды. Ортақ оған оқиға бар елдегі, Кім екенін қоғамда дәлелдеді. Журналистер жаршысы замананың, Қасиетті мамандық әлемдегі! Жетіскен МӘКЕНАЛЫ, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Қызылорда облысы Қазалы ауданы

2885 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы