• Тіл
  • 29 Тамыз, 2013

Ата заң – ардағымыз, айбарымыз...

30 тамыз – Конституция күні. Ата Заңымыздың бүкілхалықтық талқылау арқылы өмірге келгеніне 18 жыл толады. Конституцияда – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені айтылған. Мемлекет биліктің бірден-бір бас­тауы – халық екендігі де тайға таңба басқандай жазылған. Ата Заңымыз мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік бағыттағы дамуының жолдарын айқын белгілеп берді. Осының нәтижесінде еліміз қысқа мерзім ішінде бұрын-соңды болмаған экономикалық жетістіктерге қол жеткізді. Соңғы жылдары мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді. Негізгі заңымыз азаматтардың міндетті орта және жоғары білім алуларына кепілдік береді. Қазақ тілінің мәртебесі де заңда анық әрі нақты айқындалған. Ол елімізде мемлекеттік тіл саналады. Бұл – әділдік. Ардағымыз, айбынымыз саналатын Ата Заңымыздың аясында татулығымыз бен бірлігіміз жарасып, бақытты ғұмыр кеше берейік!

8774 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы