• Әдебиет
  • 05 Қыркүйек, 2013

Азат елдің айбыны

Ұлан-ғайыр даласы бар мемлекетіміз ақ отауын құрып, өз алдына дербес мемлекет болғаннан кейін өзінің төл Конституциясын қабылдады. Бұл – біздің төлқұжатымыз, ар-намысымызды сақтайтын бірден-бір басты құжат. Көп жылдар бойы КСРО құра­мында болып, салт-дәстүрі мен мә­дениетінен, тілі мен дінінен айы­рылған халықтың барлық меншігін қайтарып алғанда дүниеге келген төл Ата Заңымызда біздің бас бостандығымыз бен еркіндігіміз, егемендігіміз ашық, анық жазылды. Қадамын қаз-қаз басқан мемлекет өзінің зайырлы екенін анықтайтын төл белгілерін өмірге әкелді. Олар – тәуелсіздіктің нышанына айналған мемлекеттік төл рәміздеріміз. Олар – көк аспанда желбіреген Көк байрақ, әсемсазды асқақ Әнұран, еңселі Елтаңбамыз. Бұлар – тәуелсіздік тұғыры. Қазақстанда тұратын әрбір азамат бұларды құрметтеуге, қастерлеуге міндетті екені Ата Заңымызда менмұндалап жазулы тұр! Бұлар асқан зор құрметке әркезде де лайық. Себебі тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киеміз. Бұлар – азат елдің айбыны. Кез келген мемлекетте өмір сүріп жатқан азаматтардың ар-ожданын сақтайтын құжат – Контитуция. Біздің ел – көп ұлтты мемлекет. Өзге ұлт өкілдері де біздің қазақ халқымен тең құқылы, бір дәрежелі. Біздің елде алалау жоқ. Заң бәріне бір. Осы тұрғыдан алғанда, көп ұлтты мемлекетті біріктірген берекелі заң – Ата Заңымыз. Ата Заңымыз – азат елдің арқа сүйері. Бодандықтан, саяси езгіден, сола­қай идеологиядан азап шеккен халық бұл күнде бодандық қамытын мойыннан шешіп, уланған санасын түзеп, құлдық санадан арылып, құлан-таза бәрінен айықты. Тәубе! Жаратқан Иеміз тарыдай шашылған қазаққа азаттық ақ таңының нұрына молынан шомылдырып, ұзағынан сүйіндірсін! КСРО шекпенінен шығып ал­ғаннан кейін мемлекеттік шекарамызды белгіледік. Мемлекет басшысын, төл үкімет кабинетін, қос палаталы заң шығарушы органымызды, сотымызды, құқық қорғау органдарын, түрлі құзырлы ведомство басшыларын сайлап, мемлекеттік басқару органын жасақтадық. Бейбітшіліктің бесігінде тербеле отырып, төл ата тарихымызды, әдебиетімізді жаңаша ізденіспен жазуға мүмкіндік туды. Тарих бетіндегі ақтаңдақтарды ақтап, өшкен, ұмытылған дүниелерімізді уақыт өте келе қайтарып алдық. Тәуелсіздіктің ақ таңында туған сары ауыз балапандарымыз жаңа тарихпен танысты. Бұл – бес ғасырлық төл тарихымыз! Әдебиетіміздің іргетасын қалаған, бір кездері шығармасын оқымақ түгілі, есімін атауға болмайтын қазақ әдебиетінің классиктерімен қайта қауыштық. Олармен жақынырақ таныстық. Оларға қайта оралдық. Бұл да ақ таңның жемісі. Аспан тұрса күлімдеп, Балаларға сол бақыт. Қазақстан гүлденіп, Өркендесе, сол бақыт. Балаларға сол бақыт, Болса Отаны аман-сау. Шындығында, біз үшін бақыт осы. Соғыстың болмауын, еліміздің аман болуын тілейміз. Ата Заңымыз айбын танытып, өз дәрежесінде қорғалса, сақталса игі еді. Адам құқығы дүбірлі рухты оятады! Елдос Тоқтарбай, студент Қостанай облысы

18373 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы