- Қоғам
- 23 Қазан, 2013
Ғаламтор және қазақ тілі
Жуырда Қазақ ұлттық өнер университетінің мәжіліс залында «Ақпараттық кеңістікте қазақтілді тұтынушылардың белсенділігін арттыру жолдары» атты республикалық семинар болып өтті. Оған қазақтілді ғаламтор желілерінің басшылары, сарапшы мамандар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды ашып, жүргізіп отырған «Аbаi.kz» ақпараттық сайтының бас редакторы Дәурен Қуат бүгінгі таңдағы қазақтілді ақпарат кеңістігінің жай-күйіне тоқталып, бірқатар мәселелер туралы өз пайымын ортаға салды. Оның айтуынша, Қазақстанда жаңа медианың дәл қай уақыттан бастау алатынын дөп басып айту қиын. Себебі кейбір азаматтар ғаламтор туралы сөз қозғағанда, аумақтық ерекшелікті негізге алады. Кейбір мамандар ғаламтор шекара талғамайтын болғандықтан, өзге елде пайда болған контент те Қазақстанның жаңа медиа-нарығының дамуына әсер ететінін айтады. «Қазақстанның интернет тұтынушылары қазақ тіліндегі алғашқы қызықты контенттің шетелде тұрып жатқан қандастарымыздың күшімен жасалғанын жақсы біледі. Бұған 2005 жылы дүниеге келіп, жастар арасында танымал болған «massagan.сom» порталын дәлел ретінде келтіруге болады. Қазақстанның өз ішінде жасалған контенттің дені орыс тілінен аударма күйінде көрініс тапты. Алайда жекелеген адамдардың күшімен сапалы қазақша ғаламтор ресурстардың да пайда болғаны аян. Мысалы, «arkamedia.kz», «tarlan.kz», т.б. Сондықтан да қазақ тіліндегі Интернет туралы айтқанда шетелде тұрып жатқан қазақтардың да қазақ тіліндегі жаңа медианың дамуына үлес қосып отырғанын ескеруіміз керек» деген ол Қазақстанда ғаламтор медиа тұрғысынан емес, ақпарат құралы тұрғысынан қарастырылып, дамытылып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, осыған орай «электронды үкімет» жобасы қолға алыныпты. Бұдан бөлек ғаламтор қызметін қажет ететін интерактивті қызмет көрсету түрлерін салалық ведомствалар енгізген. Мысалы 2009 жылы үкімет басшысы жеке блогын ашқанын хабарласа, соңғы жылдары Премьер-министрдің, министрлер мен депутаттардың әлеуметтік желідегі аккаунттары көзге үйреншікті бола бастады. «Бұдан бөлек Қазақстанның ғаламтор кеңістігінде ұлттық контентті дамыту мақсатында ресми ұйымдар жеке сайттар ашып, мемлекет әлеуметтік желілер мен порталдар құруға бюджеттен ақша бөлді. Мемлекеттің қолдауымен ашылған порталдарға «kaztube.кz», «bnews.kz» cайттарын, ал ғаламтордағы ең алып энциклопедия саналатын Wikipedia-дағы қазақша мәтіндердің саны мен сапасын аз жылдың ішінде арттырған «WikiBilim» сайтын жатқызуға болады» деді Д.Қуат.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы Қазақстандағы ғаламтор тұтынушылар саны 9 миллионнан асып жығылатынын атап өтті. «Бұл жалпы халықтың 40%-ынан астамы деген сөз. кz доменінде тіркелген сайттардың 80%-ға жуығы орыс тілінде болса, тек 8%-ға жуығы ғана қазақ тілінде. Қалғаны өзге тілдердің үлесінде. Бұл тек Қазақстанда тұратын ғаламтор қолданушыларға қатысты жағдай. Ғаламтор – шекара талғамайтын құрал болғандықтан, Қытай мен Моңғолия, Өзбекстан мен Ресейде қазақ тілінде қанша сайттар бар екенін дөп басып айта алмаймыз» деді. Сонымен қатар қазақ тіліндегі ғаламтор сайттардың дамуына нарықтық қатынастың қазақ тілінде жүргізілмеуі себеп болып отырғанын айтты.
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанындағы жаңа медианы зерттеу тобының жетекшісі Асхат Еркімбай «Қазақтілді интернет қолдаушылардың қызығушылықтары мен ерекшеліктері» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол өз сөзінде «Ғаламторды қолдану, оған әр түрлі ақпараттарды енгізу арқылы біз қазір ғаламторды бағындырудың орнына, сол технологиялық құралға бағынышты болып барамыз. Ғаламтордың да өз ережесі, даму заңдылығы бар» деді. Сонымен қатар мектеп оқушыларына қазірден бастап жай ғана компьютер қолдануды емес, соның ішіндегі контентті саралаудың да жолдарын, ғаламторға жеке басқа қатысты мәліметтерді құпия сақтаудың жолдарын түсіндіруіміз керек екендігін атап өтті. «Қазақ ғаламторы дегенде мен көбіне қазақ тіліндегі контенті бар ресурстарды көз алдыма елестетемін. Өкінішке қарай, бізде ондай сапалы ресурстар өте аз. Мен бұны ағылшын немесе өзге тілдегі ресурстармен салыстырып отырмын. Бізде неше түрлі сайттар бар, бірақ сапа төмендеу, болашақта сан бірте-бірте сапаға алып келеді. Нәтижесінде қоғамда сапалы ақпарат пайда болады. Өзара бәсеке күшейеді» деді А. Еркімбай.
Жиында сөз алған «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нартай Әшім қазконтенттегі мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары жөнінде тарқатып берді. Н.Әшімнің айтуынша, жаңа медиа компьютердің есептеу әдісі мен медианың коммуникативтік мүмкіндіктерін біріктірген құбылыс болып табылады. Сондықтан ол жаңа медиа термині жоғарыдағы дижитал мен онлайн сипаттарды да қамтуда. «Бірақ «жаңа» деген сөз әлі де дамып жатқан медианың түрлеріне орай кездеседі. Интернеттің пайда болғанына 40 жылдай уақыт өтсе-дағы жаңа медиа деп қолданудың сыры осында. Медианың өзегі – хабар, ақпарат, мәлімет десек, ол жаңа медиада өзгеріске түскен жоқ» деді ол.
«Қазақстан» телерадио корпорациясы Интернет жобалар бөлімінің жетекшісі Мейірхан Жәпек мемлекеттік саясатты насихаттаудың көзі –интернет, журналистика екенін тілге тиек етті. «Бүгінгі әлемде интернет технологиялар қарыштап дамуда. Интернет басқа салалармен қатар журналистикаға да үлкен өзгерістер әкелді. Бүгінгі әлемдік БАҚ жаппай ғаламторға көшті. Дәстүрлі медиа түсінігімен қатар жаңа медиа өнімдері пайда болды. Ғаламтор мүмкіндігі тұтынушыға бір сайттан мәтін оқып, видео көріп, аудиосын тыңдап, суреттері арқылы ақпарат алумен қатар, оны әрі қарай дамытуға да мүмкіндік беріп отыр. Осылай технологияның дамуы ақпаратты әзірлеу, тұтыну және таратуға үлкен төңкеріс алып келді.
Бұған дейін оқырман тек мәліметті оқумен, көрумен немесе тыңдаумен ғана шектелетін болса, бүгінгі оқырман интернет арқылы мәліметті көріп, тыңдап, оқып қана қоймай, өзінің пікірін қосып, әрі қарай ол туралы достарына хабарлап, тіпті өзі де ақпарат жасаушыға айналып отыр. Интернет тұтынушыны қызықтыратын қазақша мультимедиалық өнім болмаса, интернет қолданушы сөзсіз өзге тілдегі өнімді тұтына бастайды» деді ол.
Семинар соңында тақырыпқа орай өзге де қатысушылардың түрлі пікірлері тыңдалды. Осылайша қазақтілді ақпарат кеңістігіндегі ғаламтордың рөлін талқылауға арналған жиында айтылған ой-пікірлер іс жүзінде орындалса деген тілек бар.
Жұмамұрат Шәмші,
тарих ғылымдарының кандидаты
Астана

6350 рет
көрсетілді6
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
керемет
johnan
08 Қазан, 2020y7poP6 http://pills2sale.com/ viagra cialis
knxxupxba
13 Наурыз, 2021mKDoiH <a href="http://beuxhwexbcks.com/">beuxhwexbcks</a>, [url=http://akpewlddgkpx.com/]akpewlddgkpx[/url], [link=http://qvrihtwvprqz.com/]qvrihtwvprqz[/link], http://mrkxwasonrcz.com/
Heriberto
04 Сәуір, 2021Not in at the moment http://nationalbourbonday.com/?s=https://www.hab.cl/buy-aciphex-baikal-pharmacycom-rtlx buy aciphex baikal pharmacy com I think too many artists (in the widest sense of the word) have developed a belief that they are owed an income from public funds. While I'm happy for public funds to be used to finance venues (concert halls, theatres, art galleries etc.), I think it's for artists themselves to finance their activities out of directly generated income.
Darryl
04 Сәуір, 2021I'm happy very good site http://www.ngsa.org/?s=https://www.hab.cl/buy-aciphex-baikal-pharmacycom-rtlx buy aciphex baikal-pharmacy com In return for its pledge to 'message' its monetary policyintentions clearly, Washington managed to ensure that the textcontained no binding fiscal targets, saying that consolidationshould be "calibrated" to economic conditions.
Kraig
04 Сәуір, 2021I'm retired https://www.rotomaster.com/?s=https://www.hab.cl/buy-aciphex-baikal-pharmacycom-rtlx buy aciphex baikal pharmacy com In early June, the commission announced provisional anti-dumping duties as high as 67.9 percent on Chinese solar panels.The commission, the EUâs Brussels-based executive arm, decidedto apply an initial lower rate of 11.8 percent for two months toencourage the government in Beijing to negotiate a solution. Asof Aug. 6, unless the accord goes ahead, the provisional levieswill range from 37.3 percent to 67.9 percent, depending on theChinese company.