• Әдебиет
  • 14 Қараша, 2013

Алаш қайраткеріне арналған кітап

Жуырда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия» гу­ма­ни­тарлық ғылыми зерттеулер орталы­ғы­ның ұсынуымен «Enter Group» баспасынан Алаш қайраткері, бі­лікті дәрігер Асылбек Сейітов туралы «Асыл­бек Сеитов: патриот, общественный деятель, ученый» деп аталатын кітап жарық­қа шықты. Жинақтың құрас­тырушысы тарих ғы­лымдарының докторы, профессор З.Қабыл­денов. Кітапта Алаш қайраткерінің өнегелі өмір жолы мен атқарған қызметі, қилы тағдыры жөнінде тарихи деректер берілген. Асылбек Сейітов Томск медициналық университетінің түлегі. Еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына сүбелі үлес қосқан білікті дәрігер. Зұлмат жылдары жазықсыз ату жазасына кесілген ұлт зиялыларының бірі. Кітап бес бөлімнен және қосымшадан тұра­ды. Бірінші бөлімде Асылбек Сейітов туралы жазылған мақалалар топтастырылса, екінші бөлімде қайраткер азаматтың өмірі мен қызметі туралы саяси құжаттар, үшінші бөлімінде өзінің жазған публицистикалық мақалалары топтастырылған. Төртінші және бесінші бөлімдерде А.Сейітовтің туған-туыс­тары мен ұрпақтары жайында мәліметтер кел­тіріліп, өмірі мен қызметінен сыр шертетін фотосуреттер ұсынылған.

3678 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы