• Әдебиет
  • 05 Желтоқсан, 2013

Жыл құсы. «Ана тілінің» жастар әдебиеті қосымшасы

«Жыл құсы» беті – оқырмандарымыздың сүйіспеншілігіне бөленген бастамалардың бірі. Қазақ – ана тілін, әдебиетін ардақтаған халық. Сондықтан «сөз патшасына»  таласы бар жастарымыздың қай өңірде болсын көптеп кездесетіні даусыз.   Нұрбек Жаңғабаев 1995 жылы туған. Алматы полиграфия колледжінің студенті Елжіретіп жүрегімді тербеттің Қазақ тілі – бабам тілі көрнектім, Қазақ тілі – анам тілі, өрнектім. Мен өзіңнің тұнығыңа шөлдеппін, Елжіретіп жүрегімді тербеттің. Шекараны, өлараны білмеген, О, құдірет, неткен ғажап тіл деген. Мәңгүрттерге қарата айтып сөзімді, Өз тіліңді құрметтей біл дер едім. Түнерсе де бір кездері түн болып, Ана тілім шықты қайта күн болып. Тілін білмей міңгірлесе біреулер, Кетеді ғой жас жігерім құм болып. Ана тілдің қадірін кім ұғады, Мазалайды жанымның бұл сұрағы. Тілі өлсе, өзі бірге өлетін, Ғамзатовтай ерлер қашан туады?! Ұстазым Ұстазым – ұлағатты жанашырым! Ұғатын парасатты бала сырын, Өмірде өнегеңді үлгі тұттым, Сіз деген ардақ тұтқан дара шыңым, Риза халқың бүгін еңбегіңе, Өзіңсің шәкіртіңнің сенгені де. Мың алғыс, ұрпақ үшін баға жетпес, Тәлімді тәрбиені бергеніңе. Білімің – күш секілді бел асатын, Қылығың бойыңда көп жарасатын. Тірлікте барша жанға үлгі болған, Қайталанбас, қастерлі парасатың. Құрметтейді өзіңді халқым дана, Қарапайым, қастерлі қалпыңда да. Мен таңғалып келемін өмір бойы, «Ұстаз» деген ғажайып тау тұлғаңа! Алматы Сәкен АНАРОВ 1987 жылы туған. «Астана-Тұран» университетін бітірген. Қазір елордадағы сауда орталығында жұмыс істейді. Ақиқатты айтайық астарламай... Жаратқан соң өмірге адам қылып... Ақиқатты айтайық астарламай... Жаратқан соң өмірге адам қылып, Туған тілін, тарихын, әдеп-ғұрпын. Ұмытқаннан жоқ сірә, жаман қылық, У жайлаған жыландай толған ұртың. Тілді білмей жүргенің ойнап күліп, Надандығың деп білем,қараңғылық, Лақтыратын ол емес азық-түлік, Біткеннен соң мерзімі жарамдылық. Күн шуағы төгілген ашық аспан, Ұлан-ғайыр, кең байтақ елде тұрып, Пана іздеп аңшыдан құзға қашқан, Кетпесінші киіктей тіл де құрып. Жабысып жармасуда жаман індет, Жыл санап жайылуда, етек жайып. Күресу бұл індетпен, бізге міндет, Айтсам ашық таға алмас маған айып. Айқайлап та, күліп те, жылап тұрып, Ақиқатты айтайық астарламай. Болмай тұр қазақ тілде тұрақтылық, Барады тіл құрметтер жастар қалмай. Жан бітіп жарық дүние әлеміне, Тілді біліп ешкім де жаратылмас. Құлақ түрер, ата-ана сәлеміне, Сәбиге тіл басқаша таратылмас. Ананың ақ сүтімен қоректеніп, Тәрбие бала кезден басталады. Ержеткен соң өзгеріп, бөлектеніп, Заманға еліктейді, ластанады. Еріксіз көңіл ауар көз көргенде, Таяп келіп тыңдасаң құлақ түріп. Ойларсың заман солай өзгерген бе? Шыға алмай тіл тұсаудан құлап-тұрып. Жазылған қара тасқа қашап қолдан, Тарих куә ғасырмен тізбектелген. Қару болған, қызыл тіл қалқан болған, Тамыр жайған тілімді іздеп келем. Жазылған заңдары бар тармақталған, Талай-талай талқылап талдап та алған. Шешім таппай созылған күрделене, Саясат па үмітке салмақ салған. Дегенмен, Үміттенем қазіргі бастамадан, Жанашыр зиялы жұрт қолға алған. Ата-ана сөзін жерге тастамаған, Қолдасын үлкен, кіші басқа балаң. Қазақ үшін қағылған қазық бекем, Ана тілім өзіңді азық етем. Сен сүрінбе, сүрінсең азып кетем, Ғұмыр бойы жалықпай жазып өтем. Түрі қазақ, тілдері шұбарланған, Жасың, кәрің сендерге айтарым бар. Түбі көне, бұл күнде тұманданған, Құдіретті тілімді қайтарыңдар. Осы бір сәт бақытқа кенелетін Терезеден қараймын аула жаққа, Күннің көзі тасада, дала бұлтты. Тұрғандай нөсер тілеп талдар бақта, Қайдан олар үйренген саналықты? Жел соқса желбірейді сыбдыр қағып, Еркелеген құлындай енесіне. Көңілге ұнап барады, жанға жағып, Тамшы болып су тисе денесіне. Қыс бойы паналаған жасырынып, Жан-жануар жыбырлап бойын жазып. Жер жыртылып егіске шашып ұрық, Қамын ойлап, жинауға қыстық азық. Жүрек толқып, бойыңа қан жүгіріп, Жаңа сезім оянып жасарғандай. Ерте оянып, қарсы алып таңды күліп, Жаңа өмірдің қақпасын аша алғандай. Бас киімді лақтырар кезең көктем, Шаш үлпілдеп, тұншыққан ашар маңдай. Көкте бұлттар тулайды, жауын төккен, Қуаныштан көзіне жас алғандай. Осы бір сәт бақытқа кенелетін, Жан бітіп, жарып шығып жапырақтар. Көктем кезі күн мен түн теңелетін, Өрнектеліп өзен, көл атыраптар. Астана Махаббаттан биік сезім болмайды Қыс... Қысты суық демеңіз... Қара жерді ақ құшақпен жылытқан, Ақ ниетпен ақ боранын ұлытқан, Сол боранмен бар жамандық жоғалып, Тек жақсылық шындықпенен қауышқан. Қыс – сезімдер айнасы... ...Мұз бетіне сезім сурет салады, Қызыл жүрек ақ сәулеге оранды. Махаббаттың мезгілімен теңесіп, Қос жүрекке бақыт сыйлап барады. Қыс – сағыныш сағаты... ...Жігіт қызды құшағына алады, Сағынышын осылайша басады. Қыс суығын сылтау еткен ғашықтар, Бар әлемді от сезімге орады. Қысты қысқа демеңіз... «Жапалақтап қар жауады түнгі аспан», Сол аспанда сырларыммен қауышқам. Тұңғиыққа сырларымның жүзгенде, Көктем әлсіз болып қалды сол қыстан. Қыс – сабырлық көктемі... ...Күте білу сағынғанды төзіммен, Албырт сезім сабырлықтан жеңілген. Ақ пен қара алмасатын әлемде, Ақ сезімді көруді ғана үйреткен. Қыс – сезімім бітпеші... Өзіңменен сырласам мұңымды айтып, Жылағанда жұбанам сырымды айтып. Өзің ғана жарамды жүрегімнің, Мұзбен емдеп жазғансың жырыңды айтып. Қыс – арманым тоқташы... ...Көктемдегі күз сезімдер жоғалып, Ақ мамықта тербеледі бар халық. Бесігіңе бөлеп едің арманның, Сол арманда тербе мені мәңгілік... Ех, махаббат, күрсіндірген талайды... Ех, махаббат, күрсіндірген талайды... Ғашық жүрек сені көріп, күліп тұрып жылайды. Сегіз әріп түсіріп сергелдеңге, Махаббаттың оты келіп, жүрегімді сынайды. Ех, махаббат, күрсіндірген талайды... Сені ойласам көзден жасым теңіз болып құлайды. Жүрегімнің сағаттары сыртылдап, Саған деген сағынышым ғасырлардай ұлғайды. Ех, махаббат, күрсіндірген талайды... Бар сезімдер бір арнаға толса неге жылайды? Түсінсекте сезімнің суреттерін, Ғашық жандар бір жүректі неге сонша тырнайды? Ех, махаббат, күрсіндірген талайды... Махаббаттан биік сезім ешқашанда болмайды. Сезім деген тау биіктің шыңына, Жету үшін талай жандар тозаққа да шыдайды. Ех, махаббат, күрсіндірген талайды... Мен сүйетін адам неге өзге жанды қалайды? Бір-біріне мәжбүр болған жүректер, Өзгелердің өміріне неге бақыт сыйлайды? Ех, махаббат, күрсіндірген талайды... Сегіз әріп ғашықтарды от сезімге орайды. Сезімдерден түсінгенім бір нәрсе: Расында, бақыттылар бақытсызды танымайды!.. Павлодар

3988 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы