• Әдебиет
  • 05 Желтоқсан, 2013

Әр азаматтың борышы

Қазақ тілі, ана тілі десек жүрегі тол­қымайтын қазақ жоқ шығар. Ең алғаш еліміз егемендік алып, мем­лекеттік мәртебеге жеткен күнді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өз ана тілінен шектеліп қалып, орысша мектепте оқып,орысша былдырлап жүргендер «Енді біздің күніміз не болады» деп қынжылып еді. Жиырма жылдан астам уақытта олардың мұрты да қисайған жоқ. Әлі күнге орыс тілі қазақ тіліне жол бергісі жоқ. Ана тіліміз заң жүзінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанымен еңсесін тіктеп, қанатын жайып кете алмай келеді. Тіліміз болашағына алаңдап, биік мінбелерден жалынды ұрандар айтып жүрген тіл жанашырлары да жеткілікті. Қанша жылдан бері қазақ тілін үйрететін курстар ашылып, тілашар сөздіктер шығарылып жатса да, әлі күнге дейін қазақ тілін үйренуге орыс тілділер жұмыла кірісер емес. «Менің тіл үйренуге түк қабілетім жоқ, қанша оқысам да миыма түк те кірмейді» дейтіндер де табылады. Тіл үйренуге қабілетсіз адам болмай­ды. Тек өз ана тілін үйренуге зауқы жоқ. Шала қазақтардың қазақшасы жақсарып кеткені де байқалмайды. Сонда не істеуге болады? Ата-бабамыздың «Халықтың тілін білген – оның байлығын біледі, халықтың дінін білген – оның тарихын да біледі» деген дана сөзінің айғағы ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мерейін өсіру,барлық іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу,өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік қызмет барысында толық қолдануына ықпал ету, тіл тазалығының сақталуына көңіл бөлу шаралары барлық ұжымдарда кеңінен пәрменді жүруі тиіс. Бұл Қазақстанның әр азаматының борышы емес пе?! Бақыт Бұланбаева, Павлодар облысы

18339 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы