• Әдебиет
  • 12 Желтоқсан, 2013

Тәуелсіздік – тәу етер киеміз

Уақытпен жылжып Тәуелсіздік мерекесі де келіп қалды. Тәуелсіздік күнінің орны ерекше. Бұл еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн. Ұлыстың ұлы күні. Азаттық – ата-бабаларымыздың көптен көксеген асыл арманы еді. Сол асқақ арманға қол жетті. Кешегі қазақ жастарының өршіл мінезін танытқан Желтоқсан көтерілісі де жаңа тарихымызға елеулі із қалдырды. Биылғы жылы Тәуелсіздігінің 22 жылдығын атап өткелі отырған Қазақ елі бұл күндері төрткүл дүниеге танымал. Мемлекетіміз ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар, іргелі бағдарламалар қабылдап солардың бәрін сәтті жүзеге асырып келеді. Алдағы мақсат – Тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету. сы жолда абыройлы белестен көріне білейік. Қазақ ұлтының сақталуы, ықылым заманнан өзі мекендеген ата жұртында дербес мемлекет, егемен ел ретінде шаңырақ көтеріп, өркендеуінің бастауы Тәуелсіздікке келіп тірелетіні анық. Сондықтан да қазақ үшін Тәуелсіздік күнінің алатын орны ерекше екені даусыз. Мінеки, ел болып, тереземіз басқа жұртпен тең болып, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет ретінде өмір сүріп жатқанымызға да 22 жылдың жүзі болып отыр. Тарих үшін соншалықты көп уақыт болмаса да, осы жылдар ішінде ғасырларға бергісіз қыруар істер атқарылды. Экономикалық-әлеуметтік, саяси, қауіпсіздік мәселелерінде, оның ішінде жаһандық, өңірлік проблемаларға қатысты өз алдына дербес шешім қабылдай алатын, өз ұстанымына берік егемен мемлекет бола алатынымызды барлық қырынан айқындап, мойындаттық. Қазақ деген халықтың өресі биік, өрісі кең екенін әлем жұрты білді. Бүгінде еліміздің осынау толымды табыстарға қол жеткізуі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында деп білеміз. Тәуелсіздік – тәу етер киеміз Тәуелсіздікке жету жолындағы үш тарихи маңызды оқиға деп Егемендік туралы Декларация, Тәуелсіздік туралы Заң, Қазақстанның тұңғыш Ата Заңының қабылданғанын атап өтуге болады. 1990 жылы 25-қазанда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екінші сессиясы мемлекеттік Егемендік туралы Декларацияны қабылдады. 1991 жылы 16-желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы қабылданып, Қазақстан өзін тәуелсіз республика ретінде жариялады.   1991 жылы 21-желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына енген он бір тәуелсіз мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы Декларациясына қол қойды. Сөйтіп, ТМД-ға мемлекеттік тәуелсіздік, тең құқылық және егемендік қағидаттарымен кіру туралы шешім қабылданған болатын. Қазақ елі мемлекеттік рәміздерін, яғни Әнұранын, Елтаңбасын, Туын қабылдады. Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде 1993 жылы 23-қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясы еліміздің тұңғыш Конституциясының жобасын баптары бойынша қабылдауды бастаған болатын. Екі жылға жуық әзірленіп, сессияда үш оқылымда талқыланған мұндай маңызды құжатты қабылдау әр сатыда қызу пікірталасқа ұласып отырды. Сөйтіп, 1993 жылдың 28-қаңтары тәуелсіз Қазақстан тарихына тұңғыш Конституциямыздың қабылданған күні болып енді. Ал 1993 жылдың 15-қарашасы тұңғыш ұлттық валютамыз – теңге дүниеге келді. 1995 жылы 30-тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Тағы бір маңызды орын алатын оқиғалардың бірі 1997 жылғы 10-желтоқсанда Елордамызды Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшірілуі болды. Президенттің 1998 жылғы 6-мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың ­атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10-маусымда өтті. Еуразияның қақ жүрегінде орналасқан арман қала, бейбітшілік қаласы Астана – қазіргі таңда еліміздің жасампаздығының, ұлылығының белгісіне айналды. Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы қарсаңында Елбасымыз Қазақстан халқына жылдағы дәстүр бойынша «Қазақстан–2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жария еткен болатын. Елбасының Жолдауына сәйкес, Қазақстан 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру және әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсаттарын межелеп отыр. Еліміздің елдігін, егемендігін айқындайтын негізгі белгілерінің бірі – әрине, мемлекеттік тіл. Еліміз қуатты болса, мемлекеттік тілдің болашағы да шуақты болатыны анық. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жет­кіз­геніміз баршаға аян. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған парасатты саяса­тының нәтижесі – еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Сондықтан Тәуелсіздік күні жас мемлекетіміз үшін біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен тату­лықтың, сонымен қатар, өткенге деген тағзымды, са­лауат пен болашаққа деген сенімді үміттің ме­рекесі болып табылады. Ендеше, бар игілігіміздің бастауы болған Тәуелсіздігімізді бағалап, ардақтай білейік, ағайын! Ақбота ИСЛӘМБЕК 

12898 рет

көрсетілді

2

пікір
Алдыңғы мақала Әр азаматтың борышы
Келесі мақала ҒАБДУЛЛИН ҒИБРАТЫ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Ұлы Ұш - Алаш

13 Тамыз, 2020

«Егемен болмай-ел болмас» Махамбет Егемен ел – Тәуелсіз ел 20 жыл бойы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі басқа мемлекеттердегідей жалпы халықтық көтеріңкі көңіл-күймен тойланған емес. Меніңше, бұның үш себебі бар. Біріншіден: Еуропалық жаңа жылдың көлеңкесінде қалуы. Екіншіден: 1986 жылы Қызыл империяның қабырғасын сөккен дербестік жолында құрбан болған, асқақ рухты қазақ жастарының жадымыздан өшпес орын алуы. Үшіншіден: желтоқсан айындағы ауа райының қолайсыздығы. Оған 2012 жылдың желтоқсаны нақты дәлел бола алады. Дәл осы жылы ауа райының өрескел аяздығына байланысты ел ордадан бастап Қазақстан тереториясында Тәуелсіздік мерекесі тойланбай қалды. Бұл біздің ұлттығымызға, елдігімізге сын. Сондықтан, Тәуелсіздік күнін нақтылап өз орнына қойғанымыз абзал. Қазақ елі өзінің егемендігін 1990 жылы 25 қазанда қабылдағаны мәлім. Қазақ (Советтік Социалистік) Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы деклорация былай басталады. «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Жоғарғы Советі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып... Қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, ізгілікті демократиялық, праволық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып, Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды және осы Деклорацияны қабылдайды» - деп 17 бөлімнен тұратын құжатты бекітеді. Деклорацияда егемен ел ретінде, ел аумағының бөлінбес бір тұтастығы, мемлекеттік рәміздердің қастерленуі, тіпті егеменді мемлекет ретінде жаңа Конституцияның жүзеге асырылуы жайында нақтылы айтылған. Ал, 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бабындағы 1,2 тармағында «Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығына қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» - деп көрсеткен. Осынау, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған егемендік туралы Деклорация мен 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституцияда ТӘУЕЛСІЗ деген сөз бірде-бір рет қолданылмаған. Керісінше егеменді сөзінен көз сүрінеді. Демек, Егемендік һәм Тәуелсіздік - егіз ұғым. Әгәрәкім 1991-ші жылдың 16-шы желтоқсанын тәуелсіздік күні дер болсақ онда біз егемен, тәуелсіз ел болмай тұрып 1-ші желтоқсанда тұңғыш президентті сайлаудың өзі қайшылық тудырады. Ал, Президент сайлауының егемен ел ретінде Қазақстанның ерікті барша халқының қолдауымен жүзеге асқанын ұмытпайық. Сондықтан, 1990 жылдың 25 қазан күнін Тәуелсіздік һәм Республика күні ретінде тойлауды, ал 16-17 желтоқсанды «Қазақ рухы» күні деп атап белгілеуді ұсынамын. Самат Сыпатайұлы

Ұлы Ұш - Алаш

13 Тамыз, 2020

«Егемен болмай-ел болмас» Махамбет Ұлы мереке РЕСПУБЛИКА КҮНІ 22 жыл бойы Қазақстан Республикасында тәуелсіздік мерекесі басқа мемлекеттердегідей жалпы халықтық көтеріңкі көңіл-күймен тойланған емес. Сондықтан егемен, дербес ел ретінде ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ өзінің ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ерекше тойлауды қолға алуы керек. Қазақ елі өзінің егемендігін 1990 жылы 25 қазанда қабылдағаны мәлім. Қазақ (Советтік Социалистік) Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы деклорация былай басталады. «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Жоғарғы Советі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып... Қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, ізгілікті демократиялық, праволық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып, Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды және осы Деклорацияны қабылдайды» - деп 17 бөлімнен тұратын құжатты бекітеді. Деклорацияда егемен ел ретінде, ел аумағының бөлінбес бір тұтастығы, мемлекеттік рәміздердің қастерленуі, тіпті егеменді мемлекет ретінде жаңа Конституцияның жүзеге асырылуы жайында нақтылы айтылғанды.Енді міні болашақта ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ аталамыз деп жатырмыз. Сондықтан, 1990 жылдың 25 қазан күнін РЕСПУБЛИКА КҮНІ ретінде өз орнына қойып, мүмкін болса 25,26,27 қазан үш күн бойына тойласақ та артық емес, ал 16-шы желтоқсан «ТӘУЕЛСІЗДІК» күні яғни 16 желтоқсан десек - тәуелсіздік,тәуелсіздік десек – 16 желтоқсан боп қазақ ұлты үшін егіз ұғымға айналуы керек. Осылайша әр мереке өз орнын тапқаны абзал. Самат Сыпатайұлы

ANA TILI №2

14 Қаңтар, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор