• Әдебиет
  • 13 Ақпан, 2014

Театрды бағалай білейік!

Талай ғасырдан бері жалғасып келе жатқан қазақ өнері бүгінгі таңда қандай деңгейде екені бәрімізге мәлім. Мәселен, бұрынғы ата-әжелеріміздің заманын алатын болсақ, өнерді қалай қадірлейтінін байқаймыз. Қазіргі кезде жастардың театрға, өнерге деген немқұрайдығы өнерді сүйетін қауым үшін сүйсінте қоймас әрекет. Неге жастар театрды тиісті дәрежеде қадірлемейді? Мысалға алатын болсақ, менің құрбы-құрдастарым театрдың құндылығын бағалай білмейді, кешкі уақытта театрға барудың орнына, түнгі клубтардың табалдырығын тоздырады. Осының бәрі дұрыс па? Әрине, жоқ. Өзіміздің ата-аналарымызды алатын болсақ, қазірге дейін жастық шақтарын сөз қылып, театрдың маңызын, спектакльден кейінгі алған әсерлерін тамылжыта айтып отырады. Қазір бұлай емес. Бұған сонда заманның өзгеруі әсер етіп отыр ма? Біз – жастар тарихымызға қамқор бола білмесек, өнерімізді аялай білмесек, бізден кейінгі ұрпақтың жағдайы не болмақ? Елбасымыз айтқандай: «Болашақ – жастардың қолында». Осы сөздің түп-төркінінде бір үлкен салмақ жатқандай. Дәл осы сәттен бастап өнеріміздің қамын біз ойламасақ, кім ойлайды? Киелі сахнаны пана еткен артистерімізбен біз мақтанбасақ, кім мақтанады?Осының бәрін ой елегінен өткізе отырып, іштей қынжылатынымыз рас. Роза Қайсарбекова, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті

17242 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы