• Әдебиет
  • 20 Наурыз, 2014

Жайнасын жаңа жылың, жарқын тойың

Наурыз – жылдың басы! Көктем басы! Ежелден оған куә – өткен ғасыр. Ақ шуақ – адамзаттың мейірімі де, Ақ жаңбыр – табиғаттың төккен жасы. Наурыз – мұсылманның бір белеңі, Наурыз – арулардың гүл-желегі. Жер-Ана жасарғандай, жаңарғандай, Бұл күні ғажайып бір түрге енеді. Наурыз – құт-береке, ұлыс күні, Ұлыс күні – халқымыздың тыныштығы. Қазақтың аспанында желбірейді, Тәуелсіз еліміздің күміс Туы! Наурыз – адамзатқа не береді? – Бұл айда күн менен түн теңеледі. Жер көктеп, ағаш гүлдеп жайқалады, Болады кемпір-шалдар – немерелі. Қой қоздап, қошақандар маңыраған, Жайлауды толтырады – қаңыраған. Ақ қанат махаббаттар отау тігіп, Әр үйдің шат қылады шаңырағын. Наурыз – әрбір үйге еркін кіріп, Жүреді жан біткенді – желпіндіріп. Табысып, танысады – үлкен-кіші, Бір-бірін туыс қылып, төркін қылып... Бұл күні барша халық сауық құрып, Санадан жоғалады – қауіптілік. Жасартып жан біткенді жібереді, Көктемнің ақ жаңбыры жауып тұрып. Жайылып ақ дастарқан – қонақасың, Қамқоршы бір-біріңе, бол Алашым. Жайнасын жаңа жылың, Жарқын тойың, Жаныңа еш жамандық жоламасын! Мақсұт Неталиев

18170 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы