• Ақпарат
  • 10 Сәуір, 2014

«Күншуақ» оқырманға жол тартты

Ақтөбе облыстық тіл­дерді дамыту басқар­ма­сының қолдауы­мен мектеп жасына дейінгі бүл­діршіндерге арналған «Күншуақ» журналының алғашқы саны жарыққа шықты. Аталмыш басылымның құрыл­тай­шысы – басқарма жанындағы тілдерді дамыту орталығы, шығарушысы «Айша Бибі-Сланды ана» ЖШС, бас редакторы және көркемдеу орталығының директоры Айнагүл Таңатова. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаеваның алғы сөзімен ашылған 36 беттік басылымның көркемделуі әсем, жылтыр қағазға түрлі-түсті бояулармен бөбек­терді қызықтырар кейіпте шы­ғары­лыпты. Басылымның 12-13 бетте­рінде кішкентай балғындардың балауса жырларына орын берілсе, ал 20-бетте «Жас суретшілердің көрмесі» деген тақырыппен Ақтөбе облысындағы мек­тептердің бастауыш сыныптары оқушыларының өздері салған суреттері жарияланған. «Күншуақ» басылымының алғашқы саны бір мың дана таралыммен оқырманға жол тартты. Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ

2734 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы