• Руханият
  • 07 Мамыр, 2014

Ұранды ердің – ұрпағы қайсар

Бүгін – Отан қорғаушы күні. Одан кейін бір күн өткен соң ұлы мереке – Жеңіс күнін атап өтеміз. Бұл қос мерекенің қатар келуі жайдан-жай емес. Мерекелерді жақындастырып, ажырағысыз етіп тұрған ұғым, ол – ерлік. Ұлы Отан соғысы аталатын сұрапыл жылдарда Жеңіс оңайлықпен қол жеткізбеді. Жеңіс туы Рейхстаг төбесінде желбіреді. Ұлы Жеңіске үлес қосқан майдангерлеріміздің ерлігі біздің жауынгерлерді отаншылдық, патриоттық сезімге баулиды. Қазіргі бейбіт замандағы міндет – сол сезімді, сол қасиетті жастар бойына дарыту. Бүгінгі күні Қазақ елінің Қарулы Күштерінің қатарында қызмет етіп жатқан әскерилеріміз ата-бабалар аманатына адал болуы тиіс. Ерлік пен қаһармандықтың, қайсарлық пен өжеттіктің Отан қорғаушыларымызға өнеге болғанын қалаймыз. Біз ұранды ерлердің ұрпағымыз. Олай болса бүгінгі ұрпақтың жігерлі әрі намысшыл, арлы болмауға хақысы жоқ.

25728 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы