• Әдебиет
  • 15 Мамыр, 2014

«КЕЙКІ БАТЫР»

1916 жылғы ұлт-азат­тық көтерілісіне белсене қатысқан Нұрмағанбет Кө­­кембайұлын көкірек көзі ояу бірқатар адамдар білуі тиіс. Халық айтып жүр­ген көзмерген Кейкі батырымыз осы кісі. Кейкі туралы бі­ле­ті­німіз аз. Мә­лі­мет­тер жоқтың қасы деуге әбден болады. Осындай батыр өміріне қатысты кемшін тұстарды толықтыру мақсатында кейінгі уақытта көптеген еңбектер жазыла бастады. Бірақ көбі әдеби көркем туынды болды. Ал жуырда назар аударарлық бір дүние жарық көрді. Белгілі қолөнер шебері, Қостанай облысының «Қазына» меценаттар сыйлығының иегері, Арқалық қаласының Құрметті азаматы, өлкетанушы Шөптібай Байділдиннің «Кейкі батыр» атты еңбегі оқырман қауым назарына ұсынылды. «Мен осы аймақта туып-өскен адаммын. Кейкі батыр жайлы кітап жазу сонау 1963 жылдан бергі жоспарым еді.Мен Кейкінің көзін көрген, батырмен дәмдес болған қариялармен жиырма екі жыл аралас-құралас болдым, әңгіме-дүкен құрғанмын. Кейкі жайлы ел аузынан жинастырған мағлұматтар елу жылдың еңбегі» дейді ол. Аталмыш еңбектің жарық көруіне қаржылай көмек жасаған Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов атындағы қордың төрағасы, ұлтжанды азамат Махмұт Нәлібаев. Кітапқа бұрын-соңды баспасөз бетінде жарияланбаған Кейкі батырдың қилы тағдыры жайлы батырдың тұстастары мен көзін көрген қарттардан естіген әңгімелер, батыр өмір сүрген кезеңдегі Торғай өлкесінің тыныс-тіршілігі, Ұлытау мен Ұлы Жыланшық аймағынан жиналған материалдар мен фотосуреттер енген. Елдос ТОҚТАРБАЙ Арқалық

6100 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы