• Тіл
  • 29 Мамыр, 2014

Ақжолдықтар «жаппай диктант» жазуға шақырады

Жақында «Ақжол» фракциясының депуттаттары, атап айтқанда А.Тұртаев, А.Перуашев, Е.Никитинская, Н.Жазылбеков, А.Әбілдаев және т.б. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың атына депуттатық сауал жолдапты. Депутаттар Премьер-министрдің атына жолдаған сауалында жастардың арасында жазу мәдениетінің төмендеп кетуіне алаңдаушылықтарын білдірген. «Жазу сауаттылығы, ойымызды өз деңгейінде жазып жеткізу – күнделікті өмірдегі маңызды құрал және азаматтарымыздың интелектуалды деңгейінің көрсеткіші» дей келе, «өкінішке орай жастарымыздың арасында жазу мәдениетінің төмендігі байқалып қалады. Мұны әлеуметтік желілерде немесе хат жазысу барысында аңғарып жүрміз. Тыныс белгілерді былай қойғанда, кейбір қарапайым сөздер құлаққа түрпідей естілсе солай жазылып, түсініксіз «жаңа сөздер» пайда болған. Мұндай келеңсіздіктің алдын алу міндетіміз деп білеміз» депті. Әрі қарай жастар арасындағы сауатсыздықтың алдын алу үшін аталған депуттаттар өздерінің ұсыныстарын жолдапты. Мәселен, адамдардың қаншалықты сауатты екендіктерін байқап, білімін одан әрі жетілдіруге деген ынтасын күшейтуге бағытталған Халықаралық «Жаппай диктант» шарасы бір уақытта әлемнің 45 елінде нәтижелі өткізіліп келеді екен. Осыны алға тартқан халық қалаулылары «Жаппай диктант жазу – бұл сауаттылық мәселесіне және сауатты хат жазу мәдениетіне назар аударуға шақырған жыл сайынғы білім акциясы» дей келе, «бұл акция отансүйгіштікке тәрбиелеу элементтерінің бірі және әрбір азаматымыздың өзіне, болашағына қажетті пайдалы шара» деп тұжырымдайды. «Ақжолдықтар» сонымен қатар «Осындай акцияны өткізу, тілдің негізгі мәселесі – тілдің дамуы мен қызмет етуі бойынша өзекті мемлекеттік жобаны жүзеге асыратын шешімдерінің бірі болып табылар еді. Мемлекеттік тілде және азаматтарымыздың өзіне жақын тілінде «Жаппай диктант» шарасын барлық қалаларды, елді мекендерді, барлық деңгейдегі оқу орындарын қамтып, қажетті құралдармен қамтамасыз етіп, оған жауаптыларды бекіте отырып «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұғыну тақырыбына шығарма жазу түрінде мемлекеттік деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге ықпал етуіңізді сұраймыз» депті сауалнама соңында. Д.Төлебаев

4183 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы