• Тұлға
  • 12 Маусым, 2014

Аналар – асыл жандар

Ана. Қасиетті де қастерлі сөз. Ана есімі қашанда ардақты. Ана – өмір, ана – мейірім. Ананы құрметтеу, ананы ардақтау асыл парыз. Осы ретте Алматы облысы жұртшылығының қолға алып жатқан істері үлгі етуге тұрарлық. Өткен жылдың күзінде Кербұлақ ауданына қарайтын Басшы ауылдық округінде «Батыр ана» саябағы пайда болған еді. Мұнда ағаштардың алуан түрі өсіріледі. Саябаққа кіре-беріс жерде ауылда тұратын көпбалалы аналардың есімдері жазылған. Осы шағын ауылда олардың саны 130. Енді, міне, кербұлақтықтардың игі бастамасын Алакөл ауданының тұрғындары жалғастырып отыр. Бұлақты поселкесінде салтанатты жағдайда «Батыр аналар» мемориалдық кешені ашылды. Тұғырда Ананың қоладан құйыл­ған тұлғасы, ол екі қолын жайып балаларына тілек арнап отырғандай... Бүгінде Бұлақтыда 133 көпбалалы отбасы тұрады, ал Бескөл ауылында 55 ана «Алтын алқа» белгісімен марапатталған. Көп бала өсіріп, оларды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеп отырған аналар қандай құрметке де лайық!

8897 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы