• Тіл
  • 22 Қаңтар, 2009

Асыл ұғым аяққа тапталды

Қазақ тілі – бай тіл. Мәселен, Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында 15 мың түрлі сөз қолданғанын әдебиет зерттеуші текстолог ғалымдар айтады. Алайда біз сол бай тілді еттен кейін сорпа ішкендей орнымен, тиянақты қолданып жүрміз бе? Қазіргі жастардың орысша шүлдірлеп, тіл шұбарлайтыны менің жаныма қатты батады.

Сәрсенбінің сәтті күні сабағымды бітіріп, ҚазҰУ-дан шығып, аялдамаға келдім. 32 бағыттағы автобусты күтіп біраз тұрып қалдым. Аялдамадағы жастардың бірі құлағына плеер тығындап алыпты. Бір-екі өзім қатарлы қазақ жігіттері орысша сөйлеп тұр, онысы сауатсыздау екенін жанындағы орыс қызы көз қиығын салып, ернін сылп еткізгенінен байқадым. «Әй жігіттер-ай, өзге жұртқа күлкі болмайықшы!» дегім келді. Сөйтіп, бірдеңе айтпаққа оқталып, тілімді жанып тұрғанда, күткен автобусым келе қалды. Көлік іші иін тірескен. Біреудің телефоны шыр ете түсті. «Да, вот я еду 32-ом автобусе. Мама я сегодня домой не поеду, с друзьями иду в ночной клуб» деді бұртиып. «Ну, мама! Вечно так!» деп қояды. Қарасам, қазақ қызы. Қасындағы құрбы қыздары сұрақ астына алды. «Ой махан не разрешает! Надоела уже!» деді ұнжырғасы түсіп.

Дүниедегі ең қымбат адамын «махан» дегені әдепсіз естілді. Сотталып, темір торға түскендер ауыздарына ерік беріп, әйелдердің бастығын «махан», ерлердің бастығын «пахан» демеуші ме еді?

«Жұмақ ананың табанының астында» деген бір ауыз сөздің өзі ана деген ардақты ат екенін меңзеп тұрған жоқ па? Әлемнің жарығын сыйлаған, ақ сүт берген ананы «махан» десек, Алатаудай әкені «пахан» десек, онда біз кім боламыз? Жабайылықтың жарға жығатынын жастар білмей ме?

Қайнар ЖҰМАҚОЖА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

журналистика факультетінің студенті

3462 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №14

11 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы