• Әдебиет
  • 28 Тамыз, 2014

Қазына қарт болатын

Ақтөбе қаласының тұрғыны, темір жол саласының ардагері Асқар Ноғаев 76 жасында дүниеден озды. Ол 1938 жылы Байғанин ауданының ­Оймауыт ауы­лында туды. Қандыағаш стансасының вагон депосында үзіліссіз еңбек етіп, темір жол саласын өркендетуге өлшеу­сіз үлес қосты. Мінсіз қыз­меті әрдайым жоғары бағаланды. 2001 жылы зейнет демалысына шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстардан қол үзген жоқ. А.Ноғаев зайыбы Зарухамен жарас­ты тірлік кешіп, үш ұл мен үш қызды тәрбиеледі. Балалары шаңырақ көтеріп, аяулы ата-анасына немере-шөбере сүйгізді. Марқұм қазақтың қара сөзіне шебер еді, домбыра тартысы да сүйсіндіретін. Жүрген жерінде халқы­мыздың тағылымы зор салт-дәстүрін насихаттаудан жалыққан жоқ. Көкірегі қазынаға толы қарттың жарқын бейнесі жадымызда сақталады. Біз ардақты ағамыздың перзенті, ұлттық басылым­дардың жанашыры, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевқа әкесінің қазасына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. «Қазақ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қарасты басылымдардың еңбек ұжымдары

2926 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы